Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зерттеулер кондитерлік өнімдердегі сәйкессіздіктерді анықтады

Жарияланған күні:

Печенье
Көрнекі фото: pixabay.com

Кондитерлік өнімдер, көптеген зерттеулерге сәйкес, импульстік сатып алулар тізімінде бірінші орында келеді, бұл тәттінің – тұтынушының күйзелісімен күресудің қолжетімді әдісі екендігімен түсіндіріледі. Бұл қаншалықты қауіпсіз, енді соны анықтайық.

Тұтынушылардың жоғарғы сұранысына ие – печенье ( кішкене ғана түрлі пішіндегі және ылғалдылығы төмен ұннан жасалған кондитерлік өнімдер).

Тұтынушы құқықтарының бірі:

– Тұтынушы тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, өндіруші) туралы толық, дұрыс және уақтылы ақпарат алуға құқылы – екенін алға тартады тұтынушылардың құқықтарын қорғаушы сарапшы Жанна Биятан. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274

Тұтынушылардың тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ сатушылары (дайындаушылары) туралы ақпарат алу құқығын іске асыру аясында Маңғыстау тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілі құпия сатып алушы жолымен Тараздағы дүкендердің бірінен "ПКСЛАВИЯКО" сауда белгісіндегі салмағы 0,6 кг, өндіруші – Г.Р.Маслова, өндіріс мекенжайы – Ресей, "Қант печеньесі "Умка"-ны сатып алды.

Өнім кешенді зерттеуден өту үшін "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Жамбыл филиалының аккредиттелген сынақ орталығына тапсырылды.

Өнімдегі әртүрлі таксономиялық топтардың микроорганизмдерінің, бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың болуы туралы түсінік беретін және тамақ өнімі технологиясында жіберілген сәйкессіздіктерді көрсететін өнімдегі КМАФАнМ көрсеткіші қалыпты жағдайдан үш есеге жоғары болды, яғни қалыптысы 1, 0х104 болса, ол өнімде 3, 0х105 екені анықталды.

Печенье
Фото: Биятан Жанна

КМАФАнМ (мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің саны) – өнімдегі микроорганизмдердің жалпы құрамын көрсетеді. КМАФАнМ жоғары көрсеткіші өнімдерді сақтау және тасымалдау режімдерінің бұзылуын, микроорганизмдердің, соның ішінде патогендердің белсенді көбеюін көрсетеді. КМАФАнМ құрамында микроорганизмдердің әртүрлі таксономиялық топтары – бактериялар, ашытқылар, зеңдер бар. Тұтынушы үшін бұл көрсеткіш өнімнің сапасының, балғындығының және қауіпсіздігінің дәлелі болып табылады, – деп жауап берді сынақ орталығының басшысы Жаңабаева Гульбахира Ергешқызы.

Сондай-ақ, тауардың Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламентіне 022/20211 сәйкестігіне зерттеулер жүргізілді.

Аталған зерттеу нәтижесінде регламенттің сақталмағаны, өнімге арналған құжаттамада мынадай жәйттардың жоқтығы:

  • пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулердің;
  • тамақ өнімдерінің партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтердің көрсетілмегені, сондай-ақ барлық ақпарат орыс тілінде ғана жазылғаны белгілі болды.

Соңғы факт сондай-ақ өнімді сатушының "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңның 21-бабын және ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңын бұзу болып табылады. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274

Печенье
Фото: Биятан Жанна

Зерттеу материалдары мен олардың нәтижелері ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілетін болады:

Кәсіпкер үшін ықтимал салдарлар:

  1. Айыппұл санкциялары: өнімді сертификаттауға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін көзделген әкімшілік айыппұлдардың мөлшері бұзушылықтың ауырлығына және қайталануына байланысты түрленуі мүмкін.
  2. Өнімді алу: Қажетті сертификаттары немесе декларациялары жоқ тауарлар айналымнан алынуы мүмкін. Бұл дегеніміз – өнім заңнаманың барлық талаптары орындалғанға дейін өнімдер сөрелер мен қоймадан алынады.
  3. Қызметті тоқтата тұру: Кейбір жағдайларда кәсіпкерлік қызмет бұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша тоқтатыла тұруы мүмкін.
  4. Сенімнің жоғалуы: Сертификаттар мен декларацияларды ұсынбау тұтынушылар мен іскерлік әріптестердің сеніміне нұқсан келтіреді, бұл жалпы бедел мен бизнеске теріс әсер етуі мүмкін.
  5. Заңдық салдары: Елеулі бұзушылықтар анықталған жағдайда, әсіресе, бұзушылық тұтынушылардың денсаулығына зиян келтірсе, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес, ЕАЭО аумағының айналымына техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін шығаруға тыйым салынған, сондай-ақ айналымнан алып тастауға жатады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақша – OZPP.KZ: https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Тұтынушылардың назарына: "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі әлеуметтік жоба шеңберінде ақпараттық-ағартушылық қызметпен белсенді айналысады, адамдарға тұтынушылар ретінде өз құқықтарын түсінуге және қорғауға көмектеседі.

Ұйым халық тұтынатын тауарларға жан-жақты зерттеулер жүргізеді және олардың нәтижелерімен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бөліседі, азаматтарға пайдалы ақпарат береді. Бұдан басқа, "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылардың хабардарлығы мен қауіпсіздігін арттыруға ықпал ете отырып, тұтынушылық құқықтарды бұзуға байланысты мәселелерді шешуде қолдау көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144872-zertteuler-konditerlik-onimderdegi-zangbuzushylyqtardy-anyqtady/