Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да туристік саяхат кезінде 14 жастағы қыз қаза тапты

Жарияланған күні:

суға батып бара жатқан адамның қолы
Суға батып бара жатқан адамның қолы. Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысында Громотуха өзеніне туристік саяхат кезінде 14 жастағы қыз қаза тапты. Жасөспірімді қатты ағын алып кеткен, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы.

Қайғылы жағдай 4 тамызда Риддерден бірнеше шақырым жерде болған. 20 адамнан құралған топ өз бетінше жаяу саяхатқа аттанған. Громатуха өзенінен өте бергенде 14 жастағы қыз тастан тайып кеткен. Өкінішке қарай, қызды қатты ағын алып кеткен. Аталған жайтқа жасөспірімнің ата-анасы куә болған.

"Сағат 14:45-те № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Громотуха өзенінің маңында "Компания ЛК ГЭС" ЖШС су жинағышынан жоғары ағыс бойынша қызды су алып кеткені туралы хабарланды.

Сағат 15:30-да оқиға орнына УАЗ апаттық-құтқару автокөлігімен 10 адамнан тұратын МӨС-1 бөлімшесі және Риддер полиция бөлімінің 5 қызметкері жіберілді", - деді құтқарушылар.

Басылым мәліметінше, құтқару жұмыстары бірнеше сағат бойы жүргізілген. Кешке қыздың денесі су жинағыштан 5 км жерден табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144938-shqo-da-turistik-saiahat-kezinde-14-zhastagy-qyz-qaza-tapty/