Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада кеспенің жарамдылық мерзімі өтсе де, сатылымнан түспеген

Жарияланған күні:

Кеспе
Көрнекі фото: pixabay.com

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді жеу денсаулыққа қауіпті, салдары өлімге әкеп соғуы да мүмкін. Ал мемлекеттік және орыс тілінде ақпараты жазылған құжаты жоқ өнімнің сатылымға шығарылуы қауіпті одан сайын арттыра түседі.

Дүкен сөрелеріндегі самсап тұрған тауарлардың арасынан сапасы мен қауіпсіздігі сәйкес келмейтіндерін анықтауға қатысты жұмыстарды тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық белсенділер әлеуметтік жоба аясында жүргізеді.

Сондықтан да, сапасыз тамақтан уланып қалмас үшін сатып алғыңыз келген өнімнің қаптамасын мұқият қарап, оқып қана қоймай, оны дұрыс сақтау да маңызды. Осы орайда температура режімімен бірге, өнімдердің бір-біріне жақын тұрғанына да мән берген жөн.

Сонымен, Астана қаласындағы Дүкенұлы көшесінде орналасқан "Барлығы мейрамханалар үшін" дүкенінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жанна жасырын сатып алушы жолымен "Kimchi" кеспесін (өндіруші: Nongshim CO., LTD, Корея, салмағы: 600 г) сатып алды.

Сатып алынған өнім ҚР ДСМ Мемлекеттік сараптама комитетінің Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ МКҚ филиалының сынақ орталығы зертханасына бұған дейін қол жеткізілген ынтымақтастық туралы келісімге орай Кеден одағының "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" 005/2011 және "Тағамдық өнімдердің таңбалану бөліктеріндегі қауіпсіздігі" 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді тексеру жүргізуге ұсынылды.

2024 жылдың 3 шілдесіндегі № 24-52659-663/№ 790 тамақ өнімдерінің сынамаларына сараптама жүргізу хаттамасына сәйкес, төмендегідей сәйкессіздіктер анықталды:

  • Сынама алу кезінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен азық-түлік өнімі табылды.
  • Өндіруші көрсеткен өндіру күні – 12.04.2021 жыл, жарамдылық мерзімі – 11.04.2022 жыл.
  • Сонымен қатар, қаптамада: өнімнің атауы, тағамдық өнімнің құрамы, оны сақтау шарттары, өндіруші мен импорттаушының атауы мен орналасқан жері көрсетілмеген, сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілдерінде толық таңбаланбаған.
  • EAC белгісін пайдалану сақталмаған, бұл аталмыш өнімді тұтынушыларға сатуға болмайтынын білдіреді.

Өнімді сатып алу кезінде тұтынушының өтініші бойынша өнімнің сәйкестігі туралы декларация ұсынылмаған.

Зерттеу материалдарының нәтижелері ҚР заңнамасында көзделген шараларды қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Тұтынушы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді қайтаруға, сондай-ақ өнімді пайдаланудан келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуге немесе сауда нүктесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарласуға құқылы.

"Жоспардан тыс тексеру қолында растайын құжаттары бар жеке немесе заңды тұлғадан өтініш түскен кезде ғана жүргізіледі. Растайтын құжат – фискалдық немесе сату түбіртегі болып табылады. Өтінімге мүмкіндігінше фото/бейнематериалдар қоса берген жөн", – дейді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Кеспе
Фото: Биятан Жанна

Кәсіпкерлерге арналған ескерту

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізгені үшін төмендегідей мөлшердегі әкімшілік айыппұл салынады:

  • 30 АЕК (103 500 теңге) – егер сатушы жеке тұлға болса;
  • 230 АЕК (793 500 теңге) – лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;
  • 310 АЕК (1 069 500 теңге) – орта бизнес үшін;
  • 1600 АЕК (5 520 000 теңге) – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

Тұтынушыларға ескерту

Сатушыға өнімнің және дүкеннің фотосуреттерін/бейнелерін дәлел ретінде пайдалануды шектеуге тыйым салынады https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_#z116 .

Кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері сізді қорлап, тауарды түсіруге тыйым салса да, ешқашан жанжалдасуға жол бермеңіз.

Егер сізге жала жауып, әдепсіз сөз айтып немесе қол көтерген болса, онда оны суретке түсіріп алыңыз.

БІРАҚ ЕСТЕ САҚТАҒАН ЖӨН: тек құқыққа қайшы әрекетін дәлелдеу кезінен бөлек бөтен адамды оның рұқсатынсыз суретке түсіріп алуға болмайды. Сондықтан да бөтен адамның суретін әлеуметтік желіге салуда абай болу керек. Сіздің бұл әрекетіңіз оған ұнамауы мүмкін.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "MOТҚҚҚ" ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Аталмыш фактіге қатысты туындаған сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739.

Instagram OZPP.KZ: https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145021-astanada-kespening-zharamdylyq-merzimi-otse-de-satylymnan-tuspegen/