Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпсіз косметика қандай болуы керек

Жарияланған күні:

Косметика
Көрнекі фото: pixabay.com

Бәріміз косметикадағы зиянды ингредиенттердің шартты түрдегі қауіпті болып келетінін түсінеміз. Косметиканың кейбір ингредиенттерін пайдалану оны өндіру және кәдеге жарату нәтижесінде экологияны ластауға әкелуі мүмкін.

Тұтынушылардың назарына: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Маңғыстау облыстық қоғамы» қоғамдық бірлестігі («МОТҚҚҚ» ҚБ) адамдарға өздерінің тұтынушы ретіндегі құқықтарын түсінуге және қорғауға көмектесе отырып, ақпараттық-ағартушылық қызметпен белсенді айналысады. Ұйым халық тұтынатын тауарларға жан-жақты зерттеулер жүргізіп, азаматтарға пайдалы мәліметтер береді, олардың нәтижелерімен бұқаралық ақпарат құралдарында бөліседі. Бұдан бөлек, «МОТҚҚҚ» ҚБ тұтынушылардың хабардарлығын және қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізе отырып, тұтынушылық құқықтарының бұзылуына қатысты сұрақтарды шешуге қолдау көрсетеді.

«МОТҚҚҚ» ҚБ-мен таралатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулер туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды, тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

«МОТҚҚҚ» ҚБ Қонаев қаласының тұтынушыларына өткізілетін халықтық тұтыну тауарларының 20-дан астам түрін зерттеді! Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғам өкілі 2024 жылдың маусымында Қонаев қаласындағы базарлардың бірінен жасырын сатып алу әдісімен косметиканың контрафактілік топтамасын сатып алды.

Косметика
Фото: Биятан Жанна

Алынған өнім тауарды кешенді зерттеу мақсатында ынтымақтастық туралы алдын ала қол жеткізілген келісімге орай ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына өткізілді, (09.07.2024 жылғы №1240001062900012 полимерлі және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық затты және композициялардың үлгісін зерттеу хаттамасы).

Зерттеудің осы хаттамалары бойынша, физикалық-химиялық және токсикологиялық көрсеткіштер – жол берілетін нормалар шегінде, дегенмен, Кеден одағының «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне 005/2011 сәйкестігіне зерттеу кезінде сандық коды және (немесе) материалдың әріптік белгіленуі (аббревиатура) көрсетілмеген.

Кеден одағының «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті 009/2011 сәйкестігіне тауарды зерттеу кезінде төмендегідей ақпараттардың мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілмегені анықталды:

● парфюмерлік-косметикалық өнімнің атауы,

● дайындаушының және оның орналасқан орнының атауы,

● шығу елі,

● парфюмерлік-косметикалық өнімнің тағайындалуы,

● импорттаушының атауы және орналасқан орны,

● көлемі,

● құрамы,

● қолдану тәсілі,

● дайындалу күні,

● жарамдылық мерзімі,

● топтама нөмірі немесе топтаманы сәйкестендіруге мүмкіндік беретін арнайы код,

● ЕАО бірыңғай белгісі жоқ.

ҚР «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заңның 25-бабы 7-тармағы негізінде, бір тілде болмаса шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады!

Кәсіпкер білуі керек

1. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабы 1-тармағына сай, техникалық реттеу саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуы, соның ішінде техникалық регламенттермен және нормативтік құқықтық актілермен орнатылған тиісті талаптарға сай келмейтін өнімнің айналымға шығуы 90 АЕК-тен (332 280 теңге) 600 АЕК дейінгі (2 2 15 200 теңге) айыппұлды төлеуге міндеттейді.

2. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабы 2-тармағына сай, осы баптың 1-тарауында көзделген әрекет (әркетсіздік) әкімшілік айыппұл өндірілгеннен кейінгі жыл ішінде қайталанса 135 АЕК-тан (498 420 теңге) 1 200 АЕК-қа дейінгі (4 430 400 тенге), қызметті тоқтатуға немесе өнімді тәркілеумен немесе тәркілеусіз айыппұл салуға әкеледі.

Зерттеулер нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданады.

Тұтынушының құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан айтып өткендей, косметиканы таңдау кезінде келесідегідей аспектілерге назар аудару керек:

1. Таңбалау және ақпарат: Қаптамадағы дайындалу күні, жарамдылық мерзімін, қолдану әдісін және сақтау шарттарын қоса алғанда өнім туралы толық ақпараттың болуын тексеріңіз.

2. Өнімнің құрамы: Ингредиенттер тізімін оқыңыз. Парабендер, фталаттар, сульфаттар, формальдегид пен басқа да әлеуетті зиянды заттар құрамы бар өнімдерден аулақ болыңыз.

3. Өндіруші: Жақсы беделге ие, сапа стандарттарын ұстанатын белгілі және тексерілген брендтердің өнімін таңдаңыз.

4. Сертификаттар мен стандарттар: Косметиканың қажетті сертификаттарының бар екеніне және қауіпсіздік стандарттарына сай келетініне көз жеткізіңіз.

5. Тері түрі және жеке қажеттіліктер: Сіздің теріңіздің түрі үшін қолайлы (майлы, құрғақ, аралас, сезімтал) және өзіндік проблемаларын (безеу, сепкіл, әжім) шешуші косметиканы таңдаңыз.

6. Пікірлер мен ұсыныстар: Басқа пайдаланушылардың пікірін оқып, дерматологтар мен косметологтар секілді кәсіпқой мамандардан кеңес алыңыз.

7. Гипоаллергенділік: Сезімтал тері үшін тітіркену және аллергиялық реакциялар тәуекелін азайту үшін гипоаллергенді өнімдерді таңдаңыз.

8. Бағасы мен көлемі: Оның өтімділігі мен тиімділігіне көз жеткізу үшін өнімнің бағасы мен көлемін салыстырыңыз. Осы ұсыныстарды қаперде ұстай отырып, теріңіздің түрі мен жеке қажеттіліктеріңізге қауіпсіз, тиімді әрі қолайлы болатын косметиканы таңдай алатыныңыз сөзсіз.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақша – OZPP.KZ

Тауарлардың ҚР қолданыстағы заңнамасында анықталған сәйкессіздіктер және өнімді дайындаушылар мен заңнама бұзушыларға қатысты қолданылған әрекеттер жайында біліп отырыңыз, сондай-ақ біздің жарияланымдарды жіберіп алмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145046-qauipsiz-kosmetika-qandai-boluy-kerek/