jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өседі

Дәріс жазып отырған студент
Студент. Көрнекі фото: Pexels.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында колледж студенттерінің шәкіртақысы өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ғани Бейсембаев мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ТжКБ жүйесінде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Бүгінде 145 мың грант бөлінді, оның 65 пайызы техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өткен жылғы деңгейден 50 пайызға артады (2022 - 21 мың теңге, 2023 - 32 мың теңге, 2024-43 мың теңге)", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Олжас Бектенов 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап колледждер мен университет студенттерінің шәкіртақысын арттыруды көздейтін қаулыға қол қойған еді. Оған сәйкес:

Колледж студенттері үшін шәкіртақы 50 пайызға артады:

  • жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңге;
  • орта буын мамандары үшін 41 896 теңге болады.

Бакалавриат студенттерінің стипендия 20 пайызға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін көбейеді.

Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.

Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15 пайызға артады, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болады.

Қазақстанда колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға өседі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.