jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Бақытжан Отарбаева
Бақытжан Отарбаева
Бұрынғы қызметкер

Саясат Нұрбек жоғары балл ала тұра грантқа ілінбей қалған талапкерлер туралы пікір білдірді

Саясат Нұрбек
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жоғары балл алып, грантсыз қалғандар туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары балл алып, грантсыз қалған талапкерлер туралы пікір білдірді.
  • Министрдің айтуынша, мемлекеттік гранттар инженерлік-техникалық, педагогикалық, IT және су шаруашылығы сияқты мемлекетке қажетті мамандықтарға бөлінген.
  • 90 баллдан жоғары алған 10607 түлектің грантқа ілінбеуі олардың грант санына мән бермей, мамандық таңдағанына байланысты екені атап өтілді.

Министр қандай мамандықтарға грант көп бөлінгенін, қай мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс аз болғанын мәлім етті.

"Қазір әлеуметтік желіде екі сұрақ көтеріліп жатыр. Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың балалары жоғары ұпай алғандардың грантын алып алды деген ақпарат тарап жатыр. Мемлекеттік тапсырыс мемлекетке қажет мамандықтарға бөлініп жатыр. Инженерлік-техникалық, педагогикалық, IT мамандықтар, сондай-ақ биылғы су тасқыны, орман өртінен кейін су шаруашылығы, орман өрті мамандықтарына бөлінді.

Біз жоғары балл алып, грант иегері атанбай қалғандарға анализ жасап көрдік. 10607 түлек 90 баллдан жоғары балл алған, бірақ грантқа ілінбей қалған. Олар мамандық таңдайтын кезде грант санына мән бермеген. 3000-нан астам адам дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығын таңдап, грантсыз қалған. Ал бұл мамандыққа біз 600 грант қана бөлдік. 5600 адам грантқа өтініш берген. 600 грантты ең жоғары жинағандар алып кеткен", - деді министр.

Айта кетейік, бүгінгі үкімет отырысында Ғани Бейсембаев биыл мектептерде алғашқы қоңырау қай күні соғылатынын да айтты.

Бұған қоса министр колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға көтерілетінін мәлім етті.

Саясат Нұрбек жоғары балл ала тұра грантқа ілінбей қалған талапкерлер туралы пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.