Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқу-ағарту министрі сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көтерілуі мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Мектеп оқушылары мұғаліммен бірге
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысынан кейінгі брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көтерілуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақының көтерілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
  • Министр бұл мәселе бойынша есептеулер жүргізіліп жатқанын және қосымша ақы мөлшері қайта қаралатынын айтты.
  • Ғани Бейсембаевтың пікірінше, сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы кем дегенде 20 мың теңге болуы керек.

Брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдердің сынып жетекшілігі үшін алатын қосымша ақы мөлшері қайта қаралуы мүмкін екенін айтты.

Тілшілер министрден "Мұғалімдер сынып жетекшілігі үшін 10 мың теңге алады. Бұл сома қайта қаралуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"Бұл жалақы емес, тек қосымша ақы. Мен де бұл сома қайта қаралуы қажет деп санаймын. Біз бұл бағытта есептеулер жүргізіп жатырмыз. Оны қайта қараймыз", - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Журналистер “сіздің пікіріңізше, сынып жетекшілер қанша алуы керек?” деп сұрады.

Кем дегенде 20 мың теңге” деп жауап берді министр.

Айта кетейік, бүгінгі үкімет отырысында Ғани Бейсембаев биыл мектептерде алғашқы қоңырау қай күні соғылатынын да айтты.

Ал Саясат Нұрбек жоғары балл ала тұра грантқа ілінбей қалған талапкерлер туралы пікір білдірді. Бұған қоса министр колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға көтерілетінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145129-oqu-agartu-synyp-zhetekshilerge-tolenetin-qosymsha-aqy-koterilui-mumkin-ekenin-aitty/