Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдын ала жоспарланған": Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 1 балл алған талапкерге қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Ерасыл Уәлиев
Ерасыл Уәлиев. Фото: жеке мұрағатынан

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысы кулуарында ҰБТ-дан 1 балл алған талапкер туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 1 балл алған талапкер туралы пікір білдірді, оның бұл әрекетін "алдын ала жоспарланған" деп атады.
  • Министрдің айтуынша, талапкер ҰБТ-ны екі рет тапсырған: бірінші рет 94 балл алған, ал екінші рет тек 4 минут уақыт жұмсап, 1 балл алған.
  • Саясат Нұрбек бұл әрекетті "басқа балаларға жақсы үлгі емес" деп сынады, бірақ Конституцияға сәйкес сөз еркіндігіне құқығы бар екенін де атап өтті.

"Біз қазір сіздермен хайп жасайтын заманда өмір сүріп жатырмыз. Өздеріңіз де жақсы білесіздер. Кейбір азаматтар қалыптан тыс шешімімен өз ерекшелігін көрсеткісі келеді. Шын мәнінде, бұл талапкер ҰБТ-ны екі рет тапсырған.

Біріншісінде 94 балл алған. Екінші рет 4 минут уақыт қана тапсырған. Бұл алдын ала жоспарланған әрекет болған", – деді министр.

Саясат Нұрбек түлектің әдейі 1 балл алғанын "жақсы үлгі емес" деп сынады.

"Басқа балаларға бұл жақсы үлгі емес. Мыңдаған азаматтар гранттарды алып, өз жоспарын орындап жатыр. Ол сол әрекетімен өз позициясын көрсетті. Конституцияға сәйкес, біздің елде сөз еркіндігі бар. Біз оған баға бере алмаймыз", - деді министр.

Айта кетейік, осыған дейін Саясат Нұрбек жоғары балл алып, грантсыз қалған талапкерлер туралы пікір білдірген еді.

Сонымен қатар министр колледж студенттерінің стипендиясы 50 пайызға көтерілетінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145144-aldyn-ala-zhosparlangan-saiasat-nurbek-ubt-dan-1-ball-algan-talapkerge-qatysty-pikir-bildirdi/