Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл күзде Түркістанда бокстан халықаралық турнир өтеді

Жарияланған күні:

Бокс қолғабы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековпен кездесті. Кездесуде бокс спортын дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбеков кездесіп, бокс спортын дамыту мәселелерін талқылады.
  • Ертай Алтаев жастарды қолдау және дамыту мақсатын атап өтіп, WBC Amateur TURKSOY бокстан гранд финалды өткізу бастамасын қолдады.
  • Түркістан қаласында 10-14 қазан аралығында түркітілдес елдердің 15-16 жас аралығындағы жас боксшылары арасында әуесқой бокстан гранд финал өтетіні жарияланды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рақымжан Ерденбековпен кездесті. Кездесуде бокс спортын дамыту, жас таланттарға қолдау көрсету, Түркістан қаласында күзге таяу бокс додасын өткізу идеясы мен түркітілдес елдердегі боксты дамыту мәселесі талқыланды.

"Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша елімізде көш бастап тұр. Басты мақсатымыз – жастарды жан-жақты дамытып, қолдау көрсету. Сіздердің бокс пен спорт саласын дамыту туралы бастамаларыңызды және ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен алғашқы WBC Amateur TURKSOY бокстан гранд финалды өткізу жөніндегі бастамаңызды қолдаймын. Еліміздің болашақ чемпиондарына ештеңені аямай, жас спортшыларды жақсылап дайындаңыздар. Жас спортшыларға мықты проумотерлерге баруға кеңес беріңіздер. Дарынды боксшыларды қолдау және көтермелеу, сондай-ақ олардың дамуына, өсуіне ықпал етіңіздер", - деді Ертай Алтаев.

Рақымжан Ерденбеков кәсіпқой боксқа жанашырлық танытып, жылы қарсы алған өңір басшысының орынбасарына алғысын білдірді. Алдағы жоспарлар туралы баяндады.

"Бұл дода да 15-16 жас аралығындағы боксшылар арасында финалдық кездесу жоспарланып отыр. 10-14 қазан күндері әуесқой бокстан гранд финал Түркістан қаласында өтеді. Бұл жарысқа түркітілдес елдерінің жас боксшылары қатысып, жеті салмақ дәрежесінде чемпиондарды анықтайды. Онда түркітілдес елдердің әділқазылары төрелік етеді. Қазақстан және Түркістан командаларын жасақтап, бәсекелестікті күшейтеміз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145153-biyl-kuzde-turkistanda-bokstan-halyqaralyq-turnir-otedi/