Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұтынушының құқықтарын қорғауда

Жарияланған күні:

Нарықтағы есептегіш
Көрнекі фото: pixabay.com

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 203-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

"Маңғыстау облыстық Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) тұтынушылар мүддесіне әрекет етіп, олардың құқықтарын қорғай отырып, қазақстандықтардың денсаулығы мен өміріне алаңдаушылық білдіреді. Ұйым халық тұтынатын тауарларды зерттейді, аккредиттелген зертханаларда кешенді зерттеулер жүргізеді және халыққа өз құқықтарын жақсы түсінуіне көмектесіп, оны қорғауға септігін тигізеді, БАҚ арқылы объективті де нақты зерттеу нәтижелерімен бөліседі. "МОТҚҚҚ" ҚБ Қонаев қаласындағы тұтынушыларға сатылып келген халықтық тұтыну тауарларының 20-дан астам түріне зерттеу жүргізді!

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері (олардың бірлестіктерімен, одақтарымен) жариялаған тауар сапасы зерттеулерінің нәтижелері (жұмыстар, қызметтер) жарнама болып табылмайды. "МОТҚҚҚ" ҚБ ҚР "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" заңның 41-бабы 8 және 14-тармақтарына сәйкес, тұтынушылардың мәселелері мен құқықтары жөніндегі ақпаратты зерттеуге және бұқаралық ақпарат құралдарында таратуға; тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпаратты таратуға құқылы.

Тұтынушылардың мүддесіне әрекет ете отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамның өкілі 2024 жылдың маусымында Қонаев қаласындағы базарлардың бірінен құпия сатып алушы әдісімен таза салмағы 230 грамм болатын "Посейдон" майдағы Сардина консервісін сатып алды.

Алынған өнім ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес, кешенді зерттеу өткізу үшін Алматы қаласы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылды (тағам өнімдері үлгілерін зерттеу хаттамасы №1240001022886247 10.07.2024 жылғы).

Өнімді зерттеу хаттамасының мәліметтеріне сәйкес, өнім туралы мемлекеттік тілде ақпарат жазылмаған.

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде не шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген болып есептеледі.

КО ТР 021/2011 40-бабы 1-тармағына сәйкес, КО мүше мемлекеттері ТР талаптарына сай келмейтін тағамдық өнімдерді КО кедендік аумағындағы айналымға шығаруға жол бермеу үшін барлық шараларды қолдануға, сондай-ақ оны айналымнан алуға міндетті.

Зерттеулердің материалдары мен нәтижелері Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген әкімшілік шаралар қолдану үшін тиісті органдарға жолданатын болады.

Сардина
Фото: Биятан Жанна

Еске саламыз!

"Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" КО ТР 022/2011 Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес, қапталған тағамдық өнімді таңбалауда төмендегідей мәліметтер:

  1. тағамдық өнімнің атауы;
  2. тағамдық өнімнің құрамы;
  3. тағамдық өнімнің саны;
  4. тағамдық өнімнің дайындалған күні;
  5. тағамдық өнімнің жарамдылық мерзімі;
  6. тағамдық өнімнің жеке түрлеріне дайындаушы орнатқан және Кедендік одақтың техникалық регламенттерімен көзделген тағамдық өнімді сақтау шарттары. Өнімді қаптамасынан ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін өнім үшін ары қарайғы сақтау талаптары көрсетіледі;
  7. дайындаушының атауы мен орналасу орны және уәкілетті дайындаушы тұлғаның орналасу орны, импорттаушы-ұйымның атауы және орналасу орны;
  8. оны пайдалану жөніндегі ұсыныстар және (немесе) шектеулер;
  9. тағамдық өнімнің тағамдық құндылықтары көрсеткіштері;
  10. тағам өнімінде гендік-түрлендірілген организмдерді (ГТО) пайдаланумен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;
  11. кедендік одаққа мүше-мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілуі керек.

Қапталған тағамдық өнімнің таңбалануы орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жазылуы қажет.

Таңбалауға қойылатын талаптардың бұзылуы өнім жайында тұтынушыларға дұрыс ақпарат беру үшін анағұрлым кедергі болып табылады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жаннадан

Тұтынушыларға кеңес:

  • Өз денсаулығыңызды қорғап, келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін қаптамада толық және нақты ақпараттың бар-жоғын әрқашан тексеріңіз!
  • Өнімді сатып алу фактісін растаушы фискалдық немесе тауарлық чекті талап етіңіз;
  • Тауардың қауіпсіздігін және сапасын растаушы сертификатты/декларацияны талап етіңіз.

Әр азамат тауарларды қолдан жасауға, контрафактіге, фальсификатқа қарсы күреске қатысуы керек!

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға сәйкес, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) дәлелдеме ретінде тауардың және дүкеннің фото-бейнетүсірілімін пайдалануына қатысты тұтынушылар құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақша: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/.

Тауарлардың ҚР қолданыстағы заңнамасында анықталған сәйкессіздіктер және өнімді дайындаушылар мен заңнама бұзушыларға қатысты қолданылған әрекеттер жайында біліп отырыңыз, сондай-ақ біздің жарияланымдарды жіберіп алмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145208-tutynushynyng-quqyqtaryn-qorgauda/