Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғани Бейсембаев мектеп сыртындағы дәретхана мәселесі қалай шешілетінін айтты

Жарияланған күні:

дәретхана
Дәретхана. Көрнекі фото: pexels.com

Үкімет үйінде өткен брифингте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздегі мектептерде даладағы дәретхана мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ғани Бейсембаев соңғы үш жылда даладағы мектеп дәретханаларының азайғанын айтты.

"Үш жыл бұрын мұндай дәретханалардың саны үш мыңға жуық еді. Бүгінде есептеуіміз бойынша тек 10-ға жуығы қалды. Соған қарамастан, біз қазір бұл мәселені тағы қандай әдістермен түпкілікті шешуге болады деп ойластырып жатырмыз", - деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл мектептердің барлығы Түркістан облысында орналасқан. Сонымен бірге, оның сөзінше, Қазақстанда ғимарат ішінде де, далада да дәретханасы бар мектептер бар.

"Жергілікті атқарушы орган олардың болғаны дұрыс деп есептейді, себебі кенеттен бір жерді жөндеу қажет болып қалуы мүмкін. Алайда біз бұл мәселені балаларға қауіп төнбеуі үшін қазір пысықтап жатырмыз", - деді спикер.

Осы ретте журналистер министрден "Мектеп ішіндегі дәретхана тек директор мен мұғалімдерге, директор мен оның туыстарына арналғанын білесіз бе?" деп сұрады. БАҚ өкілдерінің айтуынша, мұндай дәретханалар әдетте құлыпталып тұрады және тек мектепке тексеріс келгенде ашылады.

Ғани Бейсембаев мұндай фактілермен күресу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

"Мен сізбен толықтай келісемін, бірақ бұл айтарлықтай үлкен мәселе емес. Десе де кейбір мектептерден шағым түсуде. Бұл мектептердің жалпы санының шамамен 3 пайызы ғана. Оқу жылында қандай мектептерде мұндай жағдайларға жол берілгенін анықтау мақсатында балалар мен ата-аналар арасында сауалнама жүргізіп жатырмыз, ескерту жасаймыз, егер қайталанса, тиісті шараларды қабылдаймыз", - деп түйіндеді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145282-gani-beisembaev-mektep-syrtyndagy-darethana-maselesi-qalai-sheshiletinin-aitty/