Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады": Түркістан облысында кәсіпорындар заманауи құрылғылармен қамтылып отыр

Жарияланған күні:

Сайрам ауданындағы сүт өңдеу зауыты
Сайрам ауданындағы сүт өңдеу зауыты. Фото: gov.kz

Сайрам ауданында Түркістан облысының бірқатар өндіріс орны шоғырланған. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі сүт өңдеу зауытының жай-күйімен танысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түркістан облысының Сайрам ауданында сүт өңдеу зауыты кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылған. Зауыт тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдеп, 10-12 түрлі сүт өнімдерін шығара алады.
  • Облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауылдарды зауыттарға шикізат жеткізуге мамандандыру қажеттігін атап өтті. Ол терең өңдеуге бейімделген кәсіпорындар ашуға басымдық беруді тапсырды.
  • Сонымен қатар, "GLOBUS PLUS" ЖШС көкөніс өңдеу цехы кеңейтіліп, тәулігіне 20 тонна өнім шығаратын қуаттылыққа ие болды. Мұнда көкөніс пен жеміс-жидек консервілерінің түрлері өндіріледі.

Бұл зауыт бастапқыда үй жанындағы шағын цех ретінде ашылып, сүттен 5 түрлі ғана өнім шығарып жүрген. Кейін кәсіпорын иесі цехты кеңейтуді қолға алған. Ақсукент ауыл округіндегі кәсіпорын кеңейтіліп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, биыл шілде айында іске қосылған. 50 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын бұрын күніне 10 тоннаға дейін сүт өнімдерін шығарған. Бүгінде әлеуеті көтерілген. Сұраныс болса, тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алады.

Қазіргі таңда мұнда сүт өнімдерінің 10-12 түрін шығарылады. Айран түрлері мен қаймаққа, құртқа сары май және өзге де өнім түрлері қосылған. Өндірістегі барлық құрылғылар мен құрал-жабдықтар Ресей, Қытай және Түркия мемлекетінен жеткізілген. Шикізат жергілікті шаруалар және фермерлерден және аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Өндірістің барлық кезеңдері автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтардың көмегімен бақыланады. Өндірісте сүтті қайнатып, өңдейтін вакуумдық цифрландырылған құрылғы қойылған. Өнімдер мұздатқыш камераларда сақталады.

Өңір басшысы осындай зауыттар мен цехтарды көбейтіп, ауылдарды осы зауыттарға шикізат жеткізуге мамандандыру қажет екенін айтты.

"Тұрғындарға түсіндіріп, көмектескен жөн. Сүтті, етті, көкөніс пен жемісті терең өңдейтін зауыттар көп болса, өңірдің өндірістік әлеуеті көтеріледі. Екіншіден, аулы тұрғындары да өз өнімдерін тиімді бағада өткізе алады", - деген Дархан Сатыбалды жауаптыларға терең өңдеуге бейімделген кәсіпорындар ашуға басымдық беруді тапсырды.

Жұмыс сапары барысында облыс басшысы "GLOBUS PLUS" ЖШС ауыл шаруашылығы көкөніс өңдеу цехымен танысты. Бұл кәсіпорын кәсіпкердің жеке қаржысы және "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында кеңейтілген. Жоба құны – 500 млн теңге. Қуаттылығы тәулігіне 20,0 тонна болатын өндіріс орнында 20-дан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жалпы көкөніс пен жеміс-жидек консервілерінің түр-түрін шығарады. Шикізат көршілес елдерден бөлек, жергілікті шаруа қожалықтары мен аудан тұрғындарынан жиналып алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа өткізеді. Автоматтандырылған жүйелер мен заманауи жабдықтар орнатылған. Өндірісте көкөністер мен жеміс-жидектер қазандықтарда газбен қайнатылып, жұмысшылар күшімен банкілер жабылады.

Облыс әкімі цех ғимаратында өндіріс көлемін ұлғайту және осы бағытта жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарымен танысты. Жауапты басшыларға, аудан әкіміне кәсіпкерлерді қолдап, сүйемелдеу жұмысын жүргізу жөнінде тапсырма берді. Аймақта өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145322-tauligine-100-tonnaga-deiin-sut-ongdei-alady-turkistan-oblysynda-kasiporyndar-zamanaui-qurylgylarmen-qamtyluda/