Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 1 мыңнан астам адам банкрот деп танылған

Жарияланған күні:

Бос әмиян
Әмиян. Көрнекі фото: freepik.com

Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызмет басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түркістан облысында 1022 жеке тұлға банкрот деп танылған, ал жалпы 13 мыңнан астам арыз түскен.
  • Сәуле Шырынбекованың айтуынша, жыл басынан бері 2854 өтініш келіп түскен, оның 458-іне соттан тыс банкроттық рәсім жүргізілуде.
  • Мемлекеттік кірістер органдары азаматтың 5,5 млн теңгеден аспайтын қарызын 15 жұмыс күн ішінде тексереді, сонымен қатар борыштың өтелмеу мерзімі мен реттеу рәсімдерін қарастырады.

Спикердің айтуынша, өткен жылдың 3 наурызынан бастап азаматтардан банкроттық рәсімдерді қолдану туралы арыздарды қабылдау басталған. Бүгінде Түркістан облысы бойынша 13 мыңнан астам арыз келіп түскен. Оның ішінде 11 401 өтініш банкроттық рәсімдерінің жүргізілу шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты кері қайтарылған. Ал 1022 жеке тұлға банкрот деп танылған. Арыздар е-Gov және e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы арқылы қабылданады.

"Жыл басынан бері жалпы түскен өтініштер саны 2 854. Оның ішінде 2 175 өтініш кері қайтарылған. Ал, 458 өтінішке соттан тыс банкроттық рәсім жүргізіліп жатыр. Сәйкесінше, өтініш мерзімдерінің бұзылуына жол берілмеуі Департамент басшылығының назарында. Сонымен қатар, жыл басынан бері соттан тыс банкроттық рәсімі бойынша 21 іс сотпен қаралған.

Сот банкроттық рәсімі қолданысқа енген күннен бастап жалпы 108 арыз сотқа түскен. Оның ішінде 6 жеке тұлғаға банкрот деп тану туралы Сот шешімі шыққан. Жалпы мемлекеттік кірістер органдары 15 жұмыс күн ішінде азаматтың банк, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдында 5,5 млн теңгеден аспайтын қарызының бар-жоғын тексереді. Одан бөлек, борыштың өтелмеу мерзімі он екі айдан асуын және банкпен, МҚҰ борыштар бойынша реттеу рәсімін жүргізілуін тексереді.

Сонымен қатар жекелеген азаматтардың банкроттықты қолдана алмайтынының тағы бір себебі, борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендігі",- дейді Сәуле Әбдәшімқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145337-turkistan-oblysynda-1-myngnan-astam-adam-bankrot-dep-tanylgan/