Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір мезетте 500 адам құлшылық жасай алады": Түркістанда жаңа рухани-мәдени орталық ашылады

Жарияланған күні:

Түркістандағы жаңа рухани-мәдени орталық
Түркістандағы жаңа рухани-мәдени орталық. Фото: gov.kz

Түркістанда "Қылует» рухани орталығы бой көтеріп жатыр. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев сәулеті мен маңызы ерекше нысанның құрылыс алаңына барып қайтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түркістанда "Қылует" атты жаңа рухани-мәдени орталық салынуда, оның құны 3,1 млрд теңге болып, бір мезетте 500 адам құлшылық жасай алатын жерасты мешітін қамтиды.
  • Орталықта Көрме орталығы, Ислам институты, дәрісхана, кітапхана, жатақхана және асхана салу жоспарланған.
  • Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырып, ғимараттың сыртқы келбетін шаһардың сәулет үлгісіне сай жасауды ұсынды.

Жоба құны 3,1 млрд теңгені болатын мешіт шаһардағы маңызды орталықтардың біріне айналмақ. Ерекше дизайндағы нысан 0,95 гектар аумақта орналасқан. Рухани орталықтың көлемі – 3000 шаршы метр. Жерасты мешітінде бір мезетте 500 адам құлшылық жасай алады.

"Қылует" рухани-мәдени орталығында Көрме орталығы, 500 адамға арналған құлшылық орны, ҚМДБ имамдарының білімін жетілдіретін Ислам институты салынып жатыр. 100 орынға арналған дәрісхана, 60 орынға арналған кітапхана, 120 орындық жатақхана, 60 орындық асхана салу көзделген.

Облыс әкімінің орынбасары рухани орталықтың маңыздылығына тоқталып, құрылыс жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Ең бастысы, сапаны басты назарға алуды жүктеді.

Одан соң дәрісхана мен жатақхананы аралаған облыс әкімінің орынбасары сәулетіне мән беруді тапсырып, ғимараттың сыртқы келбетін шаһардың сәулет үлгісіне сай жасау және қаптау материалын сапалысына ауыстыру жөнінде ұсыныс білдірді.

Сапар соңында Ертай Алтаев Түркістан облыстық дін істері басқармасының "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-нің қызметкерлерімен кездесіп, орталықтың жұмысымен танысты. Онда алдағы уақытта атқарылар жоспарлар пысықталып, жұмысты жандандыру жөніндегі орталық қызметкерлерінің ұсыныстары тыңдалды.

Ғимаратты аралау барысында орталықтың директоры Медет Халықов ғимарат мәселесі өзекті болып отырғанын айтып, биыл ел игілігіне берілетін облыс орталығындағы "Достық үйіне" көшуге ықпал жасауын сұрады.

Ертай Кенжебекұлы ұсынысты назарға алып, шешілу жолын қарастыратын жеткізді.

Өз кезегінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы 2011 жылдан бері құрылған орталықта материалдық база жаңартылмағанын, жақында облыс әкімінің қолдауымен қаржы қаралатынын тілге тиек етті.

Облыс әкімінің орынбасары керативті көзқараста халыққа өтімді форматта түсіндіру, ағарту жұмыстарын жүргізу керектігін жеткізді. Медиа студияны заман талабына сай жандандыру бағытында жұмыстарды үйлестіруді міндеттеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145426-bir-mezette-500-adam-qulshylyq-zhasai-alady-turkistanda-zhanga-ruhani-madeni-ortalyq-ashylady/