Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көпқабатты үйде есірткі зертханасы анықталды

Жарияланған күні:

Есірткі зертханасы. Фото
Есірткі зертханасы. Фото: polisia.kz

Алматының Наурызбай ауданында орналасқан көпқабатты үйден полицейлер есірткі зертханасын анықтады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Алматының Наурызбай ауданындағы көпқабатты үйде полиция есірткі зертханасын анықтады.
  • 29 жастағы күдікті ұсталып, пәтерден есірткі жасауға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.
  • Сот-химиялық сараптама бойынша, күдікті "мефедрон" есірткісін өндіріп, сатумен айналысқан.

Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, жедел уәкілдер есірткі зертханасын ұйымдастырды деп айыпталған 29 жастағы жігітті ұстады.

Пәтерді тінту кезінде сұйықтық құйылған канистрлер, шыны банкалар, прекурсорлары бар 20 литрлік сегіз канистр, электронды таразылар, респираторлар, кристалданған ақ-сары заты бар науалар, ұнтақты зат салынған қорап және басқа да "зертхана" құрал-жабдықтары табылып, тәркіленді.

"Сот-химиялық сараптама көрсеткендей, бұл шикізатты сотталушы синтетикалық "мефедрон" есірткі затын жасау үшін пайдаланған. Есірткі қоймаларын да өз бетімен жасаған.

Күдікті қамауға алынды. Есірткі өндіру және сату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деді Алматы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145663-almatyda-kopqabatty-uide-esirtki-zerthanasy-anyqtaldy/