Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Күн
Аптап. Көрнекі фото: Рixabay.com

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Қазақстандағы ауа райы 8-10 тамыз аралығында тұрақсыз болып, найзағай, қатты жел және бұршақ күтіледі.
  • Еліміздің әртүрлі аймақтарында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп болжануда.
  • Оңтүстікте күндізгі температура +45°С-қа дейін көтеріліп, ал солтүстік-батыс пен солтүстікте +15...+22°С-қа дейін төмендейді.

Мамандардың мәліметінше, 8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жауады.

8-9 тамызда батыста, 8-10 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста қатты жағбыр жауады деп болжанды. Сонымен қатар Қазақстан бойынша жел күшейеді.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38...+45°С қатты ыстық болады. Ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15...+22°С дейін біртіндеп төмендейді деп болжанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145690-aldagy-kunderi-elimizde-45-gradusqa-deiin-ystyq-boluy-mumkin/