Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманның" қылмыстық тобына мүше болуы мүмкін: Алматы мен Шымкентте 15 адам ұсталды

Жарияланған күні:

Ұстау сәтінен
Ұстау сәтінен. Видеодан кадр: polisia.kz

Алматы мен Шымкент қаласында "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болуы мүмкін 15 адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Алматы мен Шымкентте "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі болуы мүмкін 15 адам ұсталды.
  • ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті соңғы екі жылда 140-тан астам қылмыстық топтың қызметін тоқтатып, 550-ден астам криминалитет өкілін жауапқа тартқан.
  • Ұстау кезінде атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленіп, барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды деп ІІМ өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді.

Басылым мәліметінше, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп келеді.

Мәселен, соңғы екі жылда 140-тан астам осындай топтың қызметі тоқтатылып, криминалитеттің 550-ден астам өкілі жауапқа тартылған. Бүгінде аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде "Қаңтар оқиғасы" кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталып жатыр.

"Тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Бас прокуратура бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта "Дикий Арманның" ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді.

Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған. 40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145775-dikii-armannyng-qylmystyq-tobyna-mushe-boluy-mumkin-almaty-men-shymkentte-15-adam-ustaldy/