Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚТЖ қызметкерлерінен құралған қылмыстық топқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Жарияланған күні:

Темір жол
Пойыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Елордада апелляциялық сатыда ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша шағым қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ҚТЖ қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.
  • Сотталғандар ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, ҚТЖ-дан жолдың жоғарғы құрылымының материалдарын жымқырғаны, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін айыпталған.
  • Негізгі айыпталушылар 7-10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылса, қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатқандар 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.

Астана соттарының Telegram-дағы ресми арнасының хабарлауынша, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне түскен апелляциялық шағымды қараған.

Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ұйымдасқан топ қылмыстық ұйымды құрып, оған басшылық еткені, сол сияқты оларға қатысқаны (Қылмыстық кодекстің 262-бабының 1-бөлігі), сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алғаны немесе талан-таражға салғаны (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі), пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 367, 368-баптары) Е., М., С., Н., Т.-ға және көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемденіп немесе оны өткізгені үшін (Қылмыстық кодекстің 196-бабының 3-бөлігі) Д., Ж., К., А.-ға қатысты 2024 жылғы 4 сәуірдегі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Бірінші сатыдағы сотта Е. және С.-тің ҚТЖ қызметкерлері бола отырып, ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарғаны анықталды. Әрі қарай, Е. жолдың жоғарғы құрылымының материалдарын (рельстер, төсемдер, қаптамалар, сымдар және т. б.) С., Н., Т.-ның көмегімен аса ірі мөлшерде жымқырған.

Сонымен қатар Е. қылмыстық топпен жасалған жымқыруды кедергісіз жасау мақсатында лауазымды тұлғаға пара берген және парақорлыққа делдал болған.

Бұл ретте М. полицияның желілік бөлімшесінің бастығы бола отырып, өзінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, жалпы қамқорлығы үшін ұйымдасқан қылмыстық топ үшелерінен пара алған.

Ұрланған мүлік Ж., Д., К., А.-ның іс-әрекеттерімен жүзеге асырылып, олар алдын ала уәде етілмеген қылмыстық жолмен алынған мүлікті сатып алу мен сатуды жүзеге асырған.

Бірінші сатыдағы соттың үкімімен:

Е. ҚК 262-бабының 1-бөлігінде, 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2) тармақтарында, 367-бабының 4-бөлігінде, 368-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру;

С. ҚК 262-бабының 1-бөлігі, 28-бабының 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігінің 1,2) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айыру;

М. ҚК 361-бабының 2-1-бөлігінде, 366-бабы 3-бөлігінің, 1, 4) тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл бас бостандығынан айыру;

Н. және Т. ҚК 262-бабының 2-бөлігінде, 28-бабы 5-бөлігіндн – 189-бабы 4-бөлігінің 1, 2-тармағында) көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру;

Ж., Д., К., А. ҚК 196-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталғандар мен олардың адвокаттары бірінші сатыдағы сот актісімен келіспей, оған шағымданды. Алайда алқа сотталғандардың кінәсі дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті, себебі олардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері және қылмыстық істің басқа да материалдары арқылы дәлелденді.

Сондай-ақ алқа 2021-2023 жылдар кезеңінде сотталғандар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігі мен сипатын ескере отырып, жазаның түрлері мен мөлшерімен келісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145799-qtzh-dagy-qylmystyq-top-kompaniianyng-sottalgan-qyzmetkerlerine-qatysty-ukim-ozgerissiz-qaldy/