Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 38 млрд теңгеге кәсіпкерлердің құқығын бұзу жағдайы анықталды

Жарияланған күні:

Өңірлік коммуникациялар қызметі
Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі. Фото: gov.kz

Шымкентте жыл басынан бері 54 аудиторлық тексеріс жүргізіліп, 38 млрд теңге бюджет қаражаты бақылауға алынды. Нәтижесінде бірнеше олқылық анықталып, мамандарға қатысты тәртіптік шара қолданылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Шымкентте 38 млрд теңгелік бюджет қаражатына аудиторлық тексеріс жүргізіліп, 32 млрд теңгеден астам заң бұзушылықтар анықталған.
  • Қаржылық, рәсімдік және мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзу жағдайлары тіркелген, нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
  • Нұржан Сүлейменовтың айтуынша, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде кәсіпкерлердің құқықтарын шектеу және артық талаптар қою сияқты бұзушылықтар анықталған, соның салдарынан 4,7 млн теңге айыппұл салынған.

Жыл басынан бері 38 млрд теңге қаржыға 54 аудиторлық тексеріс жүргізілді. Оның 32 миллиардынан түрлі заң бұзушылық анықталған. Атап айтқанда:

  • Қаржылық бұзушылықтар 20 млрд теңге;
  • Рәсімдік бұзушылықтар 11,6 млрд теңге;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу сомасы 5,2 млрд теңге

Нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 2024 жылдың алғашқы 6 айында 17 мыңға тарта лот ашылған. Онда 455,5 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі жүзеге асқан. Мамандар оларды бақылау кезінде, олқылық анықталып, түзеу жұмысы жүргенін айтады.

"Камералдық бақылаумен 15 563 лоты бойынша жалпы сомасы 437,7 млрд теңгеге қамтылып, нәтижесінде 72,9 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталған. Конкурсты өткізген кезде ұйымдастырушы мердігердің құқығын негізсіз шектетеді немесе артық талаптар қояды. Сондай фактілер анықталған", - дейді Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сүлейменов.

Бұл деректер бойынша 42 әкімшілік іс қозғалған. Соның нәтижесінде 4,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145807-shymkentte-38-mlrd-tenggege-kasipkerlerding-quqygyn-buzu-zhagdaiy-anyqtaldy/