Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балалар ата-анасымен жарысқа кетіп бара жатқан: Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Жарияланған күні:

Ақтөбедегі жол апаты
Ақтөбедегі жол апаты. Видеодан кадр: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облысында жол апатынан алты адам қаза тапты. Алдын ала ақпарат бойынша, балалар ата-анасымен футболдан жарысқа бара жатқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі 7 тамыз күні сағат 10:10-да Хромтау ауданындағы Самара-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолдың 862-шақырымында MAN жүк көлігі мен Toyota Ipsum автокөлігі соқтығысқанын хабарлады.

"Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum автокөлігі мен бес жолушысы оқиға орнында қаза тапты. Олардың арасында үш бала бар", - деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала ақпарат бойынша, балалар ата-анасымен басқа өңірге футболдан жарысқа қатысу үшін бара жатқан. Полицияның мәліметінше, аталған шараның ұйымдастырылуына қатысты мемлекеттік органдарға (білім бөлімі, білім басқармасы және полиция) хабар берілмеген.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Жол апатының себептері анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145822-balalar-ata-anasymen-zharysqa-ketip-bara-zhatqan-aqtobe-oblysynda-zhol-apatynan-6-adam-qaza-tapty/