jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

"Бесеуі бала": Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны артты

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті. Аталған жайтқа қатысты Ақтөбе облыстық полиция департаменті мен білім басқармасы пікір білдірді, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті, оның 5-еуі бала.
  • Toyota Ipsum автокөлігі жүк көлігімен соқтығысқан, апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы қайтыс болды.
  • Білім басқармасы басшысы Жайық Сұлтан ресми емес шараларға қатысудан бас тартуды сұрап, арнайы рұқсатсыз іс-шараларға қатысудың қауіпті екенін ескертті.

Полиция мәліметіне сүйенсек, бүгін таңертең Самара-Шымкент автожолында жүк көлігімен соқтығысқан Toyota Ipsum автокөлігінің салонынан тағы екі баланың денесі шығарылған. Осылайша, апат салдарынан минивен жүргізушісі мен жеті жолаушы, оның ішінде бес бала қаза тапқаны белгілі болды. Оқиға орнында тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр.

"Ақтөбе облыстық білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы рұқсатынсыз шараға қатысу үлкен қауіп төндіреді. Егер біз ұйымдастырсақ, арнайы полиция жүреді. Бұл жағдай сай-сүйегіңді сырқыратады. Ата-аналардан ресми емес шараларға қатысудан бас тартуды сұраймыз.

Балалар жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған футбол турниріне сапарға шыққан. Маңғыстау облысына бет алған. Ата-аналары да балалармен бірге болған. Сонымен бірге спорт, мәдени, білімге қатысты шаралар арнайы тізімге енбесе, қатыспаған жөн",- деді Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 106 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 120 адам зардап шегіп, 10 адам қаза тапты.

Авторы: Ардақ Ерубаева

"Бесеуі бала": Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар саны артты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.