Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіпсіз шұжық өнімдерінің құрамы қандай болуы керек

Жарияланған күні:

Азық-түлік себеті
Көрнекі фото: pixabay.com

Балғын шұжықты немесе басқа да ет өнімінен жасалған деликатестер халықтың жиі тұтынатын тағамдарының бірі. Тағамдардың түр-түрін дастархан үстіне жайнатып қойғанда, оның сапасы, құрамы туралы ойланатындар аз-кем. Қауіпсіз шұжық өнімдерінің құрамы қандай болуы керек екенін "Маңғыстау қоғамдық бірлестігінің" өкілі Жанна Биятан айтып берді.

Ал бұл иісі бұрқыраған түрлі-түсті қаптамадағы ет өнімдерінің арғы жағында не болып жатыр?

Біздің үстеліміздің үстіне қойылмас бұрын шошқа шұжығы аз "жол жүріп" келмейді. Әсіресе, дастарханыңыздағы шұжық көрші елден, шет елдерден келген болуы мүмкін. Соңғы зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен бөліскен "Маңғыстау қоғамдық бірлестігінің" өкілі Жанна Биятан пайдалы ақпарат айтты.

"Біздің қоғамдық ұйым Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Қарағанды ​​облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығының" қолдауымен "Жасырын сатып алу" әдісімен 20-дан астам зерттеуді осы жылдың маусым айында Қарағанды облысында жүргізді. Азық-түлік өнімдерінің, әсіресе, шұжық өнімдерінің сапасына қатысты көптеген зерттеу нәтижелері көңілімізді түсірді. Әрине, жаз уақытында біз де жұмысымызды күшейттік. Сонымен, жақында "Ветчина "Нежная с индейкой "Легко и вкусно" өніміне қатысты зерттеу нәтижелері жарияланды. Аталмыш өнімнің шошқа етінен жасалғаны белгілі болды. Десек те, бұл жайында пайдалану бойынша ұсыныстар мен шектеулер көрсетілмеген. Бұл да Кеден одағының қолданыстағы техникалық регламентіне сәйкес сәйкессіздік болып табылады", – деп түсіндірді Ж.Биятан.

Осы орайда осыған ұқсас сұрақтар үшін байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram-дағы парақшамыз – OZPP.KZ: екенін естеріңізге саламыз.

Шұжық
Фото: Биятан Жанна

Мән-жайлар анықталғаннан кейін Ж. Биятан шұжық өнімдері халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін және солай болып қала беретінін атап өтті. Десек те, әдетте, жоғары сапалы және қауіпсіз шұжық өнімдерінің құрамы қандай болуы керектігін екінің бірі біле бермейді. Болашақта осындай өнімдерге қатысты түсінбеушіліктерді болдырмау үшін төменде сарапшының бірнеше кеңестерін ұсынамыз:

1. Стандарттарға сәйкес, түсті бекітетін (натрий нитриті) E250 рұқсат етіледі, оның ішінде тұздалған қоспалар түрінде (ас тұзы);

2. Қаптамада өндірушінің барлық деректері мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілуі тиіс;

3. Өнімдердің сыртқы түрі қуыстарсыз, қатты, серпімді болуы керек;

4. Өнімнің түсі қызғылттан ашық қызғылт түске дейінгі аралықта, ал консистенциясында түйіршіктер немесе анық көрінетін дақтар болмауы қажет;

5. Кеден одағы "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 021/2011 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес таңбалау анық, оқуға оңай, сенімді және тұтынушыны адастырмауы керек;

6. Шұжықты таңдау және сатып алу кезінде ең алдымен, сақтаудың нақты жағдайларын қолайлы жағдайлармен салыстырған жөн;

7. Вакуумсыз оралған өнімнің жарамдылық мерзімі қысқарақ болады;

8. Қақталған шұжықтар ең жоғары энергетикалық құндылыққа ие;

9. Ең кішкентайы – қайнатылғандары.

Ысталған және жартылай ысталған шұжықтардың сақтау мерзімі қайнатылған шұжықтарға қарағанда жоғары, өйткені олардың құрамында ылғал аз, тұз және май көп және отта ұсталған.

Затбелгідегі ақпараттардың толық болуы үшін: құрамы, атауы, таза салмағы, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары, стандарттың (МемСТ) белгіленуі, ЕАЭО елдері аумағында өнім айналымының бірыңғай белгісінің болуы сияқты талаптар қойылады.

Шұжық өнімдерінің қандай түрлерінің бар екендігін, оларды өндіруге және сақтауға қатысты қойылатын талаптар мен басқа да мәселелер жайында Кеден одағының "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінен көруге болады (КО ТР 034/2013) – деп атап өтті Жанна Үрметханқызы.

Шұжықтың дәмі өзгергенін сезсеңіз, өнімнің құрамына қараңыз. Өндіруші қоспалар рецебіне қосымша өзгерістер енгізген болуы мүмкін.

Бұл кеңес беру сипатындағы ақпараттар жарнама болып табылмайды. Зерттеу нәтижелері туралы барлық ақпарат "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.

Оқырмандарға көмек:

Шикізатқа байланысты шұжықтардың: қайнатылған, ысталып-қайнатылған, ысталған, пісірілмеген, кептірілген, шпикачка және купаттар (шикі шұжықтар), өкпе-бауырдан жасалған шұжықтар, қабықты паштеттер сияқты түрлері де бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145891-qauipsiz-shuzhyq-onimderining-quramy-qandai-boluy-kerek/