Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаза тапқандар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі бар": Ақтөбедегі жол апатына қатысты тың дерек шықты

Жарияланған күні:

Жедел желі көлігі
Көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысындағы жол апатынан бір көліктегі сегіз адам жан тапсырды. Жүк көлігінің астында жаншылған жеңіл көлікте Қарашатау ауылы мектебінің 6-7 сынып оқушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған, деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам қаза тапты, олардың арасында Қарашатау ауылы мектебінің 6-7 сынып оқушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған.
  • Әйтеке би ауданы әкімі Дәулетияр Тоғызбаевтың айтуынша, жол апатына түскен көлікте үш ересек адам болған, оның бірі ата-ана әрі мұғалім.
  • Жол апатына ұшыраған топ Маңғыстау облысында өтетін футбол жарысына бара жатқан, оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізуде.

Ақтөбедегі жол апатына түскен көлік жолаушыларының бәрі де Әйтеке би ауданы Қарашатау ауылының тұрғындары. Ауыл мен оқиға болған жердің арасы шамамен 235 шақырым. Әйтеке би ауданы әкімінің айтуынша, қаза болғандардың арасында ауыл мектебінің мұғалімі бар.

"Қастарында қанша ата-ана болғаны әзірге бізге белгісіз. Жол апатына түскен көлікте үш ересек адам болған. Оның біреуі ата-ана, сол кісі мұғалім әрі жаттықтырушы. Қасында баласы болған. Екінші адам жүргізуші. Үшінші ересек адам қалаға бара жатқан жолаушы.

Қарашатау мен оқиға болған жердің арасы шамамен 235 шақырым. Бұл жарыс туралы біз хабарсызбыз. Ешкімге айтылмаған. Қазіргі уақытта Маңғыстауға турнирге бара жатқанын білдік. Қалған мәліметтер тергеу барысында анықталады", - деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Алғашында полиция қызметкерлері оқиға орнынан алты адамның денесін шығарды. Кейін қаза болғандардың саны артып, тағы екі оқушының денесі шығарылды.

Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қор ұйымдастырған футбол жарысына қатысу үшін шыққан. Оқиғаға қатысты полиция Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Көп ұзамай өңір әкімі жол апатына қатысты пікір білдіріп, жұмыс тобы құрылғанын мәлімдеді.

Авторы: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145937-qaza-tapqandar-arasynda-dene-shynyqtyru-pani-mugalimi-bar-aqtobedegi-zhol-apatyna-qatysty-tyng-derek-shyqty/