Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте Орта Азиядағы ең ірі қызанақ жылыжайы салынады

Жарияланған күні:

Қызанақ
Қызанақ. Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен "Alarko Holding" түрік компаниясының президенті Йылдыз Умит Нури "Бозарық" индустриялық аймағында қызанақ өсіретін ірі жылыжай кешенінің құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Шымкентте Орта Азиядағы ең ірі қызанақ жылыжайының құрылысы басталды, жылына 155 мың тонна өнім өндіретін болады.
  • Жобаның құны 650 миллион АҚШ доллары, аумағы 650 гектар, толық іске қосылғанда 5 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды.
  • Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың айтуынша, бұл жоба мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының дамуына және бағаның тұрақталуына ықпал етеді.

Жылыжай кешені жылына 155 мың тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жобаның бірінші кезеңі пайдалануға берілгеннен кейін 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, толық іске қосылғанда 5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. Өндірілген ауылшаруашылық өнімдерімен негізінен, қала тұрғындары қамтылып, тауарлар еліміздің өзге де аймақтары мен шет мемлекеттерге жөнелтеді. Инвестициялық жобаның құны 650 миллион АҚШ доллары, ал жалпы аумағы 650 гектар.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту және өсімдік шаруашылығында суды үнемдейтін озық технологияларды енгізіп, дамыту тапсырмасын іске асыру барысында бұл жобаның рөлі зор екеніне тоқталды. Әкімдік ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге қашанда дайын.

"Жобаны жүзеге асыру мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және бағаның тұрақталуына ықпал етеді", - деді қала әкімі.

Компания құрылыс уақытын қысқарту мақсатында Шымкентте жылыжай салуға арналған конструкцияларды шығаратын зауыт ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ жоба аясында халықаралық стандарт бойынша ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын мамандандырылған академия ашу жоспарланып отыр. Ауқымды жобаны жүзеге асыру жылыжай шаруашылығын дамытуға ғана емес, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2145996-shymkentte-orta-aziiadagy-eng-iri-qyzanaq-zhylyzhaiy-salynady/