jitsu gif branding logo appbranding logo app

Түркістан облысында тұтынушылардың миллиондаған ақшасы қайтарылды

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Түркістан облысында 7 ай ішінде тұтынушыларға 54 миллион теңгеден астам қаражат және 10 млн теңгеден асатын сапасыз 2 автокөліктің құны қайтарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
close
Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
  • Түркістан облысында 7 ай ішінде тұтынушыларға 54 миллион теңгеден астам қаражат және 10 млн теңгеден асатын сапасыз 2 автокөліктің құны қайтарылды.
  • Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 988 өтініш түскен, олардың көбі сапасыз тауарлар, қызметтер және тұтыну құқықтарының бұзылуына қатысты.
  • Департамент халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін 128 іс-шара өткізіп, тұтынушыларға өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндірді.

Ведомство хабарлағандай, биыл 7 айда Түркістан облысының тұтынушыларына 54 миллион теңгеден астам қаражат, одан бөлек құны 10 млн теңгеден асатын сапасыз 2 автокөліктің құны толықтай тұтынушыларға қайтарылды. Тұтынушы құқығын және "Сауда қызметін реттеу" туралы Заңының баптарын бұзған кәсіпкерлерге 716 788 теңге айыппұл салынған.

Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне осы уақыт ішінде 988 өтініш келіп түскен. Оның 238-і жазбаша, 335 жедел желі арқылы болса, жеке қабылдаулардан – 391 өтініш. Жалпы алғанда өңір тұрғындарын бөлшек саудада сапасыз тауарлар сатып алу кезінде туындайтын мәселелер, тауарды айырбастау және қайтару мәселелері, тұрмыстық қызметтерді сапасыз ұсыну, жиһаз дайындау және жөндеу дұрыс қызмет көрсетпеу мәселелері көбірек алаңдатады.

Тұтынушылардың өтініштері негізінде кәсіпкерлік субъектілеріне 320 әкімшілік іс-қозғалған. Нәтижесінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, айыппұлдар және ескертулер берілді. Халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында департаментпен ақпараттық-түсіндіру сипатындағы 128 іс-шара өткізілді.

Тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында мамандар тауар туралы ақпаратты, оның ішінде тауардың кепілдік мерзімі және жарамдылық мерзімі туралы ақпаратты мұқият зерделеуге, сатушының байланыс деректері және тауарды айырбастау/қайтару шарттары туралы ақпарат берілмеген күмәнді интернет-ресурстарда тауарға тапсырыстарды жүзеге асырмауға, тұтынушылар құқықтарының бұзылу фактісін дәлелдеу үшін фото-және бейнетіркеу жүргізуге кеңес береді.

Түркістан облысында тұтынушылардың миллиондаған ақшасы қайтарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.