Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында ғасырға жуық тарихы бар ауылға газ тартылып жатыр

Жарияланған күні:

қарақыр ауылы
Газ тартылып жатқан Қарақыр ауылы. Фото: ontustiktv.kz

Мақтааралдың Қарақыр ауылына көгілдір отынның құбыры тартылып жатыр. Келесі жылы көп ұлтты аймақ тұрғындары табиғи газға қол жеткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ontustiktv.kz арнасына сілтеме жасап.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Түркістан облысындағы Қарақыр ауылына табиғи газ құбыры тартылуда, келесі жылы тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізеді.
  • Ауыл биі Рамис Махмудовтың айтуынша, бұл көп ұлтты ауылда бірлік пен татулық орнаған.
  • Мақтаарал ауданында 69 елді мекеннің 45-і газбен қамтылған, ал 2026 жылға дейін барлық ауылдар көгілдір отынмен қамтылады деп жоспарлануда.

Телеарнаның ресми сайтында жазылғандай, Қарақыр – аудандағы ең бірінші құрылған ауылдардың бірі. Кезінде мақташылар қоныстанған. Содан бері ауылда көгілдір отын болмаған. Жұрт тезек теріп, от жағып күнелтетін. Енді ауыл ішіне табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл шағын ғана ауылда бірнеше ұлт өкілі тұрады. Рамис Махмудовтың ата-анасы 36 жылы көшіп келген.

"Қиналғанда қол ұшын созған қазақ бауырларға алғыстан басқа айтарым жоқ. Содан бері бір атаның баласындай болып кеттік. Бірлік пен татулықтың арқасында бір шаңырақ астында ынтымақта өмір сүріп келеміз", - дейді ауыл биі.

Нұрлыбаев аулдық округіне қарасты 6 елді мекен бар. Халық саны 6 мыңнан асады. Сол елді мекендердегі 38 көшенің 85 пайызы біткен. Елі мекен халқы ауыз сумен толық қамтылған.барлық ауылдарға жарықшамдар орнатылған. Қазір Өркен ауылына да жарық қойылып жатыр. Осылайша ірге тасы қаланғанына жүз жылға жуықтаған ауылда коммуналдық мәселелер біртіңдеп шешімін тауып келеді.  

Ауданда 69 елді мекен болса соның 45-і табиғи газбен қамтылған. Былтыр Иіржар ауылдық өкругіне қарасты 9 елді мекенге көгілдір отын берілген. Қалған ауылдарға құбыр тарту үшін жобалау құжаттамалары рәсімделіпті. Нәтижесінде биыл 9 елді мекенге газ тартылып жатыр. Тағы 10 ауылға мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан 2026 жылы толықтай көгілдір отынмен қамтылмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146404-turkistan-oblysynyng-gasyrga-zhuyq-tarihy-bar-auylyna-gaz-tartylyp-zhatyr/