БАҚ: Түркияда Қазақстан мен Ресейден келген туристер мінген автобус апатқа ұшырады
Жарияланған күні:
Читать на русскомТүркияда туристер автобусының қатысуымен жол апаты болып, адамдар зардап шекті. Кейбір мәліметтерге қарағанда, автобуста Қазақстан мен Ресей азаматтары болған.
- Түркияның Мугла провинциясында туристік шағын автобус апатқа ұшырап, кем дегенде 6-13 адам жараланды.
- Кейбір мәліметтер бойынша, автобуста Қазақстан мен Ресей азаматтары болған.
- Жол-көлік оқиғасы Бодрум-Мугла тасжолында болған, жүк көлігі туристер мінген шағын автобусты соққан.
DHA агенттігіне сілтеме жасаған "РИА Новости" ақпаратынша, Түркияның Мугла провинциясында туристік шағын автобус апатқа ұшырап, кемінде алты турист зардап шекті.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 06.30 шамасында жүк көлігі Бодрум-Мугла тасжолында туристер мінген шағын автобусты соққан.
"Соққыдан кейін шағын автобус аударылып, жол жиегіне шығып кеткен, алты турист зардап шекті", - деп хабарлайды агенттік.
Бұл ретте "ТАСС" агенттігі Muğla Gazetesi сайтына сілтеме жасап, автобуста Қазақстан мен Ресейден келген туристер болғанын және кем дегенде 13 адамның жараланғанын жазды.
NUR.KZ тілшісі ақпарат алу үшін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146437-baq-turkiiada-qazaqstan-men-reseiden-kelgen-turister-mingen-avtobus-apatqa-ushyrady/