Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абайлаңыз, "иістенген" шұжық: сапалы өнім сатып алу үшін қалай таңдау қажет

Жарияланған күні:

Шұжық
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жарамдылық мерзімі біткен шұжық өнімдерін сату жиілеп кетті. Шұжық сатып алар кезде неге мән беру керектігін тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан айтып берді.

Шұжық – бұл әр отбасындағы әйелдің үстелінде кездесетін сүйікті әрі қолжетімді тіскебасарлардың бірі. Оның көптеген қазақстандықтардың арасында ерекше танымалдылыққа ие екені де белгілі. Біріншіден, бұл өнімде ет кесектері бар. Екіншіден, базарларда, сондай-ақ шағын азық-түлік дүкендеріндегі дәмді шұжықтардың бағасы мен қолжетімділігі бұл жартылай фабрикатты біздің халықтың себетіндегі азық-түлік тізімінде нөмірі бірінші жасады. Дегенмен, бұл өнімдердің құрамында адам денсаулығына қауіпті ингредиенттердің болуы мүмкіндігін екінің бірі біле бермейді.

Сапасыз ет жеңсік асынан улану – өте қайғылы салдарларға ұшыратуы мүмкін: түсік тастау, созылмалы аурулардың ушығуы, әртүрлі улану түрлері мен тіпті өлімге әкеп соғу қаупі де бар.

Солтүстік Қазақстан облысында екі бала қайтыс болған бүкіл отбасының улану оқиғасы белгілі болды, өлім себебі – тамақтан улану.

Бұл жолы Павлодар облысындағы "Ұлттық сараптама орталығы" аккредиттелген орталығы микроскопының астына "Боярская" салқындатылған шұжығы түсті. Дайындаушы: "Сибирские мясные продукты" ЖШҚ, Ресей өндірісі, Новосибирск қ.

Шұжық
Фото: Биятан Жанна

Алынған сынамалардың нәтижелері көрсеткендей, шұжықтың тосынсыйы жоқ емес. Осы жылдың шілдесінде Маңғыстау тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамының өкілі "жасырын" сатып алушы әдісімен ресейлік әзірлеушінің шұжығын алған.

2024 жылдың 18 маусымындағы №РО-24-03468/246 зерттеулер хаттамасы:

Жарамдылық мерзімі біткен өнім екенін көрсетті.

Құқыққорғаушы Жанна Биятанның айтуынша, дайындау мерзімі 2024 жылдың 12 мамыры деп көрсетіліп, сақтау мерзімі әзірлеу күнінен бар болғаны 50 тәулік деп мәлімделген.

"Жарамдылық мерзімі біткен шұжық сөреге 2024 жылдың 11 шілдесінде жеткізілген", деді ол.

ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіндегі қолданыстағы заңнамаға сай, жарамдылық мерзімі анықталмаған немесе бітсе, ол қауіпті болып саналады.

Сарапшының айтуынша, біздің елдің заңнамасындағы осы секілді бұзушылықтарға қомақты айыппұлдар көзделген:

ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" кодексі 425-бабы, 1-бөлігіне сай, санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқат пен орта, гигиеналық нормативтер, сондай-ақ техникалық регламеттер саласындағы заңнамалық нормаларды бұзғаны үшін жеке тұлғалар – 30 АЕК, лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық ұйымдар субъектілері – 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері – 310 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері – 1600 АЕК көлеміндегі айыппұлдарды төлейді.

Қорыта келе, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" бастаған құқыққорғаушылар Кеден одағына мүше елдердің аумағында бұл өнімнің бұзушылықтарын реттеу жөнінде барлық шараларды жасауды ұсынды.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы – OZPP.KZ:

Тұтынушылар үшін анықтама:

Шұжық өнімін таңдау кезінде қоғамдық ұйым сарапшысы Жанна Биятан келесідегідей белгілерге назар аударуға, сондай-ақ тауардың таңбалануына және қаптамасының сыртқы түріне ерекше көңіл бөлуге кеңес береді. Атап айтқанда:

  1. Тағам өнімінің атауы;
  2. Тағам өнімінің құрамы;
  3. Тағам өнімінің саны;
  4. Тағам өнімін дайындау күні;
  5. Тағам өнімінің жарамдылық мерзімі;
  6. Дайындаушы орнатқан немесе Кеден одағы тағам өнімінің жеке түрлеріне техникалық регламенттермен көзделген сақтау талаптары. Қаптаманы ашқан соң сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін тағам өнімі үшін ашқаннан кейін бүлінуден сақтайтын сақтау шарты көрсетілуі тиіс;
  7. Тағам өнімін дайындаушының атауы және орналасу орны немесе жеке кәсіпкердің – тағам өнімін дайындаушының тегі, аты және әкесінің аты мен орналасу орны;
  8. Пайдалану жөніндегі ұсыныстар және (немесе) шектеулер;
  9. Өнімнің тағамдық құндылық көрсеткіштері;
  10. Тағам өнімінде гендік модификациялық ағзаларды (ГМО) пайдаланумен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;
  11. ЕАЭО мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі.

Ақпарат орыс және мемлекеттік тілдерде жазылуы керек.

Кеңес беру сипатындағы бұл ақпарат жарнама болып табылмайды. Зерттеулер нәтижелері туралы барлық мәліметтер "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің келісімімен таратылады.

Бұл өнім Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы арқылы Қазақстан Республикасы заңнамаларына, Кеден одағының "Ет және ет өнімі қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 034/2013) және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" (КО ТР 022/20211) техникалық регламенттерінің қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкестігін анықтау үшін зертханаға тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146503-abailangyz-iistengen-shuzhyq-sapaly-onim-satyp-alu-ushin-qalai-tangdau-qazhet/