Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада дүкендерде жарамдылық мерзімі өткен тауарлар анықталды

Жарияланған күні:

Дүкен
Дүкен. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана сөрелеріндегі "мерзімі өткен" тауарларға қатысты анықталған фактілер жайында "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" ҚБ айтып берді.

2024 жылдың маусымында "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі Жанна Биятан жасырын сатып алушы әдісімен Астана супермаркеттерінің бірінен Hershey's Strawberry Syrup шәрбатын сатып алды, көлемі 623 г., өндіруші – АҚШ. Тауардың сәйкестігі туралы сертификат (декларация) берілмеген.

Биятан Жанна
Фото: Биятан Жанна

Ынтымақтастық туралы шарттарға сай, алынған өнім "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ Астана филиалы аккредиттелген Сынақ орталығына (сынақ хаттамасы №2224Т 27.06.2024 жыл) Қазақстан Республикасы заңнамасының, Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» КО ТР 022/2011 және "Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" КО ТР 021/2011 техникалық регламенттерінің барлық қауіпсіздік талаптарына кешендік зерттеу және сәйкестікті тексеру үшін тапсырылды. Нәтижесінде келесідегідей сәйкессіздіктер анықталды:

  1. Сынау сәтінде өнімнің жарамдылық мерзімі өткен: Сатып алу сәтінде жарамдылық мерзімі 2023 жылдың тамызына дейін екені көрсетілген. Мерзімі өткен шәрбатты пайдалану тағамдық улануға және құрамындағы бактериялар мен өзгерістердің дамуы ықтималдығынан денсаулықта елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін.
  2. Дайындау күнінің болмауы: Қаптамада шығару күні жазылмаған, бұл балғындығын және әлеуетті тәуекелдерді бағалауды қиындатады. Бұл ақпаратсыз тұтынушы өнімнің сапасына, оны пайдалануда қауіпсіздігіне сенімді бола алмайды.
  3. Сақтау талаптарының болмауы: Таңбалаудың бұл бұзушылығы өнімді дұрыс пайдаланбауға және оның бүлінуіне әкелуі мүмкін, салдарынан өнімнің дәмдік сапасына және қауіпсіздігіне, сондай-ақ тұтынушылардың денсаулығына әсер ету қаупі бар.
  4. Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнімнің Бірыңғай айналым белгісінің болмауы: бұл міндетті сертификаттаудың жоқ екенін көрсетіп, қауіпсіздік пен сапаға қатысты орнатылған стандарттарға өнімнің сәйкестігі күмән келтіреді.
  5. Таңбалау шет тілінде рәсімделген: "Қазақстан Республикасының Тіл туралы" заңының 21-бабына және ҚР "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңының 25-бабы 3-тармағына сай, қаптамадағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы керек. Ресми тілдерде ақпараттың болмауы өнімді түсінуді және пайдалануды қиындатады.

Кеден одағының техникалық регламенттеріне сай (КО ТР 022/2011 және КО ТР 021/2011), қаптамада өнім туралы, өндірілген күні, сақтау шартына қатысты ақпараттар толық қамтылып, ол орыс тілінде және Кеден одағына мүше мемлекеттің тілінде берілуі тиіс. Бұл нормалардың бұзылуы тұтынушылардың денсаулығына және олардың құқықтарына қауіп төндіреді.

Орнатылған талаптарға сай келмейтін өнімді сату бұзушылық болып табылады. Жауапты тұлғалар ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексіне сәйкес, нормалар мен стандарттарды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Алия Алибекова, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы: "Тұтынушылардың тауарлар туралы толық және нақты ақпаратты алуға құқығы бар. Қаптамада негізгі мәліметтердің болмауы денсаулық үшін елеулі салдарға соқтырары сөзсіз. Сатып алу алдында жарамдылық мерзімін және сақтау талаптарын тексеруді, сондай-ақ бұзушылықтарды байқаған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық құзырлы органдарға жүгінуді ұсынамыз" деп түсіндіреді.

Тұтынушыларға арналған ұсыныстар

  1. Өнімдердің жарамдылық мерзімдерін мұқият тексеріңіз: Өнімді сатып алмас бұрын оның жарамдылық мерзімі бітпегеніне көз жеткізіңіз. Мерзімі біткен тауарлар денсаулық үшін қауіпті болуы және сапа стандарттарына сәйкес келмеуі мүмкін.
  2. Сақтау туралы ақпаратты іздеңіз: Қаптамада сақтау талаптары бойынша айқын нұсқаулар бар екеніне көз жеткізіңіз. Бұл өнімнің бүлінуін және әлеуетті қауіптің алдын алуға көмектеседі.
  3. Затбелгіні мұқият оқыңыз: Өнім туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы керек. Егер сіз мұндай ақпаратты таппасаңыз, онда бұл заңнама талаптарының бұзылғанын айғақтайды.
  4. Сәйкестік құжаттарын сұраңыз: Импорттық тауарды сатып алу кезінде оның қауіпсіздігі мен стандарттарға сәйкестігін растайтын сертификаттар немесе декларацияларын талап етіңіз. Бұл сіздің заңды құқығыңыз және өнімнің сапа кепілдігі.

Тұтынушылар берілген сәйкестік сертификаттары мен ЕАСО сәйкестігі туралы тіркелген декларацияларды өз бетінше қарау үшін ақпараттық ресурстың бірыңғай тізбесі, сондай-ақ қазақстандық тізбесі қолжетімді.

  1. Бұзушылықтар туралы хабарлаңыз: Егер сіз өнімді таңбалауға немесе сапаға қатысты бұзушылықтарды байқасаңыз, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың аумақтық органдарына жүгініңіз. Бұл сапасыз тауарларды таратудың алдын алып, басқа тұтынушылардың денсаулығын қорғайды.

Сіздің денсаулығыңыз бен қауіпсіздігіңіз – сатып алып жатқан затты мұқият қарап алу шығу тәсіліңізге байланысты. Әрбір сатып алу кезінде сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті тексере отырып, өзіңіз бен жақындарыңызға қамқорлық танытыңыз.

Зерттеу материалдарының нәтижелері әрекет ету шараларын қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

"МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146551-astanada-dukenderde-zharamdylyq-merzimi-otken-tauarlar-anyqtaldy/