Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда сатып алынған кір сабын зертханада тексерілді

Жарияланған күні:

Кір сабын
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан қаласындағы дүкендердің бірінен ирандық "Шокух" кір сабыны сатылып алынып, аккредиттелген "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Жамбыл филиалының сынақ орталығына кешенді зерттеуге жіберілді. Өйткені Түркістан қаласының өзінде аккредиттелген зертхана болмады.

Өнімді "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сарапшысы Жанна Биятан жасырын сатып алушы әдісімен сатып алған. Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, біздің бірлестігіміз анықталған сәйкессіздіктер мен тұтынушылардың құқықтарына қатысты зерттеулер жүргізуге және ақпараттарды жариялауға құқылы. Біз тұтынушыларға олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қолдау көрсету үшін өнім сапасын зерттеу және басқа да маңызды ақпараттарды ұсынамыз", – деп түсіндірді Ж.Биятан.

Зерттеу барысында (05.07.2024 ж. №1 сынақ хаттамасы) Кеден одағының "Май және майлы өнімдердің техникалық регламенті" 024/2011 мен "Қатты кір сабын. Жалпы техникалық шарттар" мемлекетаралық стандартына қатысты сәйкессіздіктер анықталды.

Техникалық регламенттерге сәйкес, кір сабын жеуге жарамсыз май және май өнімдеріне жатады, өйткені кір сабын – оның тұтынушылық қасиетін жақсартатын табиғи май қышқылының натрий немесе калий тұздарынан синтетикалық, шайырлы, нафтендік май қышқылдары және басқа да тұздарынан (немесе онсыз) тұратын өнім, - деп жауап береді, - тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Кір сабын
Фото: Биятан Жанна

Анықталған сәйкессіздіктер

  1. Мемлекеттік және орыс тілдеріне аударманың жоқтығы. Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес өндірушінің атауы мен орналасқан жері, сондай-ақ Кеден одағының аумағында құрылған және сәйкестікті растау үшін өндіруші уәкілеттік берген ұйым туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болуы тиіс. Бұл жағдайда аталған талаптар орындалмаған және заңбұзушылық болып табылады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі қолданылатын Қазақстанда тұтынушылар өнімдер туралы ақпаратты ана тілі және орыс тілінде алуға заңды құқығы бар. Сонымен қатар, ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сәйкес, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.
  2. Номиналды (шартты) массасы көрсетілмеген. Іс жүзінде бір кесек сабынның массасы 122,2 г құрады. Қаптамада массаның нақты көрсетілмеуі тұтынушының өнім туралы сенімді ақпарат алу құқығын бұзады.
  3. Құрамы туралы ақпараттың жеткіліксіздігі. Қаптамада ингредиенттердің массалық үлесінсіз құрамы көрсетілген, бұл тұтынушыларға химиялық компоненттердің денсаулыққа ықтимал әсерін бағалауға мүмкіндік бермейді. Егер ингредиенттердің салмақтық пайызы көрсетілмесе, тұтынушылар өнімнің құрамы олардың жеке қажеттіліктері мен шектеулеріне қалай әсер ететінін бағалай алмайды. Мысалы, кейбір компоненттерге аллергиясы немесе төзімсіздігі бар адамдар үшін олардың нақты құрамын білу маңызды. Мұндай ақпараттың жоқтығынан аллергиялық реакцияларды тудыратын немесе денсаулыққа теріс әсер ететін басқа ингредиенттерді тұтыну қаупі артады.
  4. Өндірілген күні анық көрсетілмеген, жазба өшірілген. Өнімнің шығарылған күні анық көрсетілмеген, бұл сабынның жарамдылық мерзімін анықтауды қиындатып, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді пайдалануға әкелуі мүмкін. Сабын үшін шығарылған күні оның балғындығы мен сапасын бағалауда маңызды рөл атқарады. Мысалы, тым ертеректе жасалған сабын өзінің бастапқыдағы жуғыштығы тиімді сияқты құрамын жоғалтып, сондай-ақ микробтық ластануға бейім болуы мүмкін.

Тұтынушылар үшін қауібі

Техникалық регламенттер мен стандарттар талаптарына қатысты анықталған барлық сәйкессіздіктер тұтынушылардың құқықтарын шектейді: тұтынушылардың тауарлар туралы толық және сенімді ақпарат алу құқығы – сатып алуға қатысты саналы шешімді қабылдауда негізгі болып табылады. Қажетті ақпараттың болмауы бұл құқықты бұзып, қауіпсіз және қажетті өнімді таңдауды қиындатады.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін зерттеу нәтижелерін құзырлы органдарға жіберді.

Сарапшының кеңесі

Әлия Әлібекова, "МОТҚҚҚ" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы:

  1. Өнімнің таңбалануын мұқият тексеріңіз. Барлық қажетті ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде болуын қадағалаңыз.
  2. Өндірілген күні мен жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз. Бұл деректер өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау үшін маңызды.
  3. Қандай да бір сәйкессіздіктерді тапсаңыз, тиісті органдарға хабарласыңыз. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдарына шағым беру нарықтағы сапаны бақылауды жақсартуға көмектеседі.

Қорытындылай келе, өнімді таңбалау талаптарын сақтамау тұтынушылардың құқықтарын бұзып, олардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Барлық қолжетімді заңдық құралдарды пайдалана отырып, мұқият болу, өз құқығын қорғау маңызды.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/ сілтемесі арқылы хабарласуға болатынын ескертеміз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146755-turkistanda-satyp-alyngan-kir-sabyn-zerthanada-tekserildi/