Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шай сатып аларда неге мән беру керек: Шымкентте сатылып жатқан шай сапасы тексерілді

Жарияланған күні:

Шай
Көрнекі фото: pixabay.com

Бұрынғы заманнан бері шай Қазақстанда қымыздан кейінгі танымал сусынның қатарында. Шай ішу қазақстандықтардың өмірінде өте маңызды десек болады. Қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарында мол дастархан жайылып, шай ішіледі. Ал бүгінгі таңда қазақстандықтар қандай шай ішіп жүр? "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі Шымкент базарында сатылып жатқан шай өнімдерін тексерді.

Қазақтар шайды "уақыты мен жеріне қарамай, тамақтан бұрын да, кейін де іше береді", – деп жазды белгілі технолог, жаратылыстану ғылымдарының докторы М.Я.Киттары XIX ғасырдың ортасында. Расында да, қазақ дастарханында шайдың орны ерекше: оны негізгі астан бұрын да, кейін де, өз бетінше де, әңгімелесу кезінде де, түрлі жағдайларда іше береді. Ұлттық дәстүр бойынша, шайсыз ас батпайды.

worldpopulationreview.com сайтының мәліметі бойынша, Қазақстан шай тұтынатын елдер арасында 22-ші орында тұр.

2011 жылы Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тізіміне енгізілген шай қазір бұл тізімнен алынып тасталды, оған қарап халықтың шайды тұтынуы төмендеді дей алмаймыз.

Шай сергітетін қасиеттерінің арқасында: ыстықта бойыңды жазып, суықта бойыңды жылытады. Қазақ даласына шай Ұлы Жібек жолы арқылы Қытайдан келген. Бүгінгі таңда Қазақстанға шайдың негізгі жеткізушілері Қытай, Кения, Шри-Ланка және Үндістан болып табылады. Дегенмен Қазақстандағы сауда сөрелерінде сатылып жатқан шайлардың сапасының қандай екенін екінің бірі біле бермейді.

Тұтынушының ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 10-бабына сәйкес, тауар (жұмыс, қызмет), сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы толық, сенімді және уақытында ақпарат алуға тұтынушының құқығы бар.

Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушылардың құқықтарын іске асыруға және қорғауға бағытталған қызметті жүзеге асырады.

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі 2024 жылдың 19 маусымында Шымкент қаласындағы "Алаш" базарынан жасырын сатып алушы әдісімен таза салмағы 500 грамм болатын EMINENT сауда белгісінің бергамот хош иісі бар Цейлон қара шайын сатып алды, өндіруші елі – Шри-Ланка.

Бұл өнім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қауіпсіздіктің барлық талаптарына, Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламенттеріне сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына ынтымақтастық туралы келісім негізінде ұсынылды.

Шай
Фото: Биятан Жанна

Нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын тексеру кезінде келесідегідей сәйкессіздіктер анықталды:

- тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері көрсетілмеген;

- Кеден одағына (ЕАО) мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі жоқ;

- қазақ тілінде ақпарат жазылмаған;

- өнім сәйкестендіріліп жасалған құжат туралы мәліметтер көрсетілмеген.

Аталған сәйкессіздіктерге сатушының тұтынушыға сәйкестік сертификатын (көшірмесін) немесе сәйкестік туралы декларацияны (көшірмесін) бермегенін ескерсек, жоғарыда көрсетілген сәйкессіздіктерді қорытындылай отырып, өнімді шығарумен айналысатын кәсіпкер өнімнің құрамына, қасиеттеріне, мақсатына қатысты толық, қажетті, түсінікті және сенімді, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын және оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін басқа да ақпараттармен қамтамасыз етпей, өнімді айналымға шығару арқылы "Өнімдерді таңбалауға қойылатын талаптар" техникалық регламенті талаптарын бұзғаны үшін жазалануы мүмкін..

Әлеуетті қауіп

Бір қарағанда, контрабанда жағдайында (мемлекеттер арасындағы өнімдерді заңсыз өткізу) бәрі соншалықты қауіпті еместей көрініп, жеткізушілер "салық төлеуден жалтарып", заңсыз байыған сияқты. Бірақ іс жүзінде олай емес. Шекарадан өту кезінде өнім партиясының мәлімделген сипаттамаларға сәйкестігі тексеріледі. Контрабанда кезінде мұндай бақылау әдісі қолданылмайды, сондықтан елге "жоғары сапалы өнім әкелінді" деп нақты айту мүмкін емес, бұл қазақстандықтардың денсаулығына және жалпы өміріне кері әсер етеді, – дейді тұтынушылар құқығығын қорғаушы заңгер.

Контрафактілік, жалған, контрабандалық шайды жеткізушілер мен сатушылар қазақстандықтардың "уақыт пен жеріне қарамай, бәрінен бұрын және бәрінен кейін" шай ішуге деген сүйіспеншілігін осылайша бұзып, салыстырмалы түрде арзан, сапасы белгісіз тауарларды сатып, тұтынушылық қасиеттерімен қоса бізді де жаңылыстырып, тұтынушылардың құқығын бұза отырып, азаматтардың денсаулығы есебінен өз қалталарының қамын ойлап келедіі!

Резюме

КО ТР 021/2011 40-бабының 1-тармағы негізінде КО мүше-мемлекеттері (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан) КО кедендік аумағында ТР талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін айналымға шығаруды болдырмау үшін барлық шараларды қабылдауға, сондай-ақ оны айналымнан шығаруға міндетті.

Зерттеу арқылы алынған барлық нәтижелер шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілді.

Аккредиттелген ұйымдардың өнімді (тауарларды) зерттеу (сынау) нәтижелері туралы объективті және сенімді ақпараттарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы біз тұтынушыларға сатылатын өнімнің (тауардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етеміз. Осы сияқты ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға ықпал етеді.

Бұл материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында, Шымкент қаласында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында және кеңес беру сипатында дайындады.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146977-shai-satyp-alarda-nege-man-beru-kerek-shymkentte-satylyp-zhatqan-shai-sapasy-tekserildi/