Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айында еліміздің кей өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін

Жарияланған күні:

Құрғақшылық
Құрғақшылық. Көрнекі сурет: pexels.com

Синоптиктер елімізде тамыз айында құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың пікірінше, жаздың соңғы айында атмосфера елдің солтүстігінің, солтүстік-батысының және шығысының жеке аудандарында бірқалыпты ылғалды болады деп күтіледі. Ал құрғақшылық вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалған Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жеке аудандарында болуы мүмкін.

Тамыз айында:

  • Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының басым бөлігінде;
  • Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында;
  • Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Күршім аудандарында атмосфера бірқалыпты ылғалды болуы ықтимал.

Ал бірқалыпты құрғақшылық:

  • Алматы облысының Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;
  • Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарында;
  • Қызылорда облысының Қармақшы ауданында күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2146993-tamyz-aiynda-elimizding-kei-ongirlerinde-qurgaqshylyq-boluy-mumkin/