Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай есімді тұрғыны көп облыс аталды

Жарияланған күні:

Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы. Фото: Хабар 24

Ертең, 10 тамызда Абай Құнанбайұлының туған күні. Статистика бюросы ұлы ойшылдың құрметіне аталған қазақстандықтар туралы статистиканы ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады.

"Ғұлама есімі берілгендердің ең көп саны Түркістан облысында - 2050 адам, одан кейін Астана – 2021 адам және Алматы қаласы – 1639 адам", - дейді ведомстводағылар.

Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең аз саны Ұлытау өңірінде – 193 адам.

Ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) Абай есімді 232 адам тұрады.

Егер жас құрамы бойынша қарайтын болсақ, 18 жасқа дейінгі 4166 балаға Абай есімі берілген, 18 бен 44 жас аралығындағы осы есімді тағы 8 179 адам және 45 жастан асқан 6241 адам бар.

Абай Құнанбайұлы – қазақ халқының өркендеуі үшін күрескен Ұлы ойшыл, көрнекті ақын, классикалық әдебиетінің негізін салушы. Әдебиетшінің шығармашылық мұрасы ұлттың рухани игілігіне айналды және қазақ халқының мәдениетін байытты. Абайдың өлеңдері бір жарым ғасыр бұрын жазылған, бірақ қазіргі әлемде де өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтпады. Ұлы классиктің шығармалары әлемнің түпкір-түпкірінде мойындалды және көптеген тілдерге аударылды. Тарихи тұлға туралы толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147097-abai-esimdi-turgyny-kop-oblys-ataldy/