Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ботқаны маймен бүлдіріп алма...

Жарияланған күні:

Дүкен тиегіші
Дүкен тиегіші. Фото: pixabay.com

Шымкент қаласында сатылатын тауарлар, сатушылар (өндірушілер) туралы ақпарат алуда тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жоба іске асырылып, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен Шымкент қаласындағы базарлардың бірінен өндіруші Әзірбайжан елі, қаңылтыр банкідегі, таза салмағы 910 г "Ana-Bala" ерітілген аспаздық майын сатып алды.

Дүкен тауары
Дүкен тауары. Фото: Биятан Жанна

Сатылып алынған өнімге кешенді зерттеу жүргізу үшін Шымкент қаласындағы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ОҚФ аккредиттелген сынақ зертханасына ұсынылды (сынақ хаттамасы 02.07.2024 ж. №1/721).

Тауар белгілері
Тауар белгілері. Фото: depositphotos.com

Контрафактіден заңнамалық база қорғайды

Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенті сәйкестігіне зерттеулер жүргізу кезінде төмендегідей сәйкессіздіктер анықталды:

1. КО-қа мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымына арналған бірыңғай белгінің жоқтығы.

Ескерту: EAО – сапаны білдіретін таңба, бұл белгі тұтынушыларды контрафактілік өнімді сатып алудан қорғауға септігін тигізеді;

2. Мемлекеттік тілдегі ақпарат.

Қарапайым сөзбен айтқанда, орыс және шет тілдерін білмейтін тұтынушылар өнімнің құрамы, сақтау шарттары, жарамдылық мерзімі және пайдалану нұсқаулары сияқты маңызды ақпараттарды оқи алмайды. Осының әсерінен өнім дұрыс пайдаланылмай, нәтижесінде денсаулыққа қауіп төнуі мүмкін.

Өнімнің контрафактілік/жалған екенін анықтау үшін Маңғыстау тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы Шымкент қаласындағы тұтынушыларға сатылған өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған факті бойынша шара қолдану үшін құзырлы органдарға хат жолдады.

Сипатталғандарды қорытындылайтын болсақ, сатушы тауар туралы толық, қажетті, түсінікті және сенімді ақпаратпен қамтамасыз етілмеген өнімді айналымға шығарып, өнім сапасы мен қауіпсіздігін тікелей немесе жанама сипаттайтын басқа да ақпараттарынсыз тұтынушыларды дұрыс таңдау жасау мүмкіндігінен айырғаны үшін төмендегідей айыппұлдар арқалауы мүмкін:

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 203-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер мен сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауар шығарылған елі, өндіруші, жеткізуші немесе сатушы туралы мәліметтері көрсетілмеген, тауар туралы сенімді және жеткілікті мәліметтерін қазақ және орыс тілінде жазбаған тауарларды сатуы 45 АЕК-тен (166 140 теңге) 150 АЕК-ке (553 800 теңге) дейінгі айыппұлға;

● ӘҚБтК-нің 415-бабы 1-тармағына сәйкес, ҚР техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзу, оның ішінде. техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді айналымға шығару 90 АЕК (332 280 теңге) көрсеткіштен 600 АЕК (2 215 200 теңге) мөлшеріндегі айыппұлға және өнімнің сәйкестігі туралы декларацияның жоқтығы расталған жағдайда, кәсіпкерлік субъектісі 195 АЕК (719 940 теңге) мөлшерінде айыппұлға әкеп соғуы мүмкін.

Өз құқығынды біл!

Өнімдердің заңдылығын тексеріп, сатушыдан фискалдық, кассалық немесе сату түбіртегін, сондай-ақ өнімнің сәйкестік сертификатын/декларациясын талап ету – сіздің тұтынушы ретіндегі заңды құқығыңыз!

Әрбір тұтынушы Еуразиялық экономикалық комиссияның «Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі» сайтына мына сілтеме бойынша кіре алады: https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs, сондай-ақ сәйкестікті бағалау бойынша құжаттарды тіркеудің қазақстандық сайтында: https://eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm.xhtml сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын біліп, нақтылық үшін құжаттарды тексере алады.

Тұтынушы бақылау түбіртегін көрсетілген өлшемдер бойынша мына сілтеме арқылы тексере алады: https://kgd.gov.kz/ru/services/kkm_check.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушылардың тауарлар мен дүкендерді дәлелдеме ретінде фото, бейнежазбаларға жазып, түсіру құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 41-бабы 8 және 14-тармақтарына сәйкес, «МОТҚҚҚ» ҚБ бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың мәселелері мен құқықтары туралы ақпаратты зерттеуге және таратуға, сондай-ақ, тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпаратты, тұтынушылардың заңды қызығушылығы мен құқығын жүргізуге септігі тиетін басқа да мәліметтерді таратуға құқылы.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы «МОТҚҚҚ» ҚБ таратқан және басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Аталмыш фактіге қатысты немесе осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ: https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147112-botqany-maimen-buldirip-alma/