Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұтынушыға кеңес: қолдануға жарамсыз өнімді алмау үшін нені білуіміз қажет

Жарияланған күні:

Дүкен
Дүкен. Көрнекі фото: pixabay.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ел азаматтарын жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатумен, контрафактімен, жалғандықпен, контрабандамен күресуге шақыруда.

Тұтынушыларға ескертпе

Анық әрі дұрыс көрінетін тағам өнімдерінің таңбалауы тұтынушыларды пайдалы тағамдарды саналы түрде таңдау жасауға, сонымен қатар құрамындағы ингредиенттерді жарияламауға тырысатын өндірушілерді өнімдерін қайта өңдеуге ынталандырады.

Сырты қапталған тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптар Кеден одағының КО ТР 022/2011 техникалық регламентінде белгіленеді және соған, сондай-ақ ЕАЭО-ның басқа да техникалық регламенттерінің тамақ өнімдері, олардың таңбалануына қатысты талаптарына сәйкес келсе нарыққа айналымға шығарылады.

Келесі өнімді зерттеу

2024 жылдың 19 маусымында Шымкент қаласындағы базарлардың бірінен тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының өкілі жасырын сатып алушы әдісімен 1,0 литрлік қаптамадағы "Master Martini" өсімдік майы кремін, шығарушы елі – Италия, сатып алды.

Крем Master Gourmet Chef
Крем Master Gourmet Chef. Фото: Биятан Жанна

Сатып алынған өнім Шымкент қаласындағы "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ОҚФ аккредиттелген сынақ зертханасына Кеден одағының "Май және май өнімдерінің техникалық регламенті" 024/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламенттеріне сәйкес өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын барлық талаптарға кешенді зерттеу жүргізу үшін ұсынылды.

Осы өнім сараптамасына орай, келесідегідей сәйкессіздіктер анықталды, өнімдерде:

а) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымына арналған бірыңғай белгі (ескерту: ЕАО – таңба сапаны білдіруге арналған және тұтынушыларды контрафактілік өнімдерді сатып алу ықтималдығынан қорғаудың бір түрі болып табылады) жоқ;

b) мемлекеттік тілдегі ақпарат көрсетілмеген;

с) өнім сәйкестендіріліп жасалған құжат туралы мәліметтер жоқ.

Осыған байланысты материал тиісті органдарға шешім қабылдау үшін жолданды.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабына сәйкес, сатушы (дайындаушы) тауар туралы ақпарат беруге міндетті.

Есіңізде болсын, таңбалау – контрафактіден қорғау

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы Биятан Қазақстанда сәйкестігі міндетті түрде расталатын тауарларды, оның ішінде импорттық тауарларды сәйкестік туралы тиісті декларациясыз сатуға жол берілмейтінін атап өтті.

Сәйкестік туралы декларацияның болуын, сондай-ақ олардың сенімділігін Еуразиялық экономикалық комиссияның сайты – Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі, сондай-ақ қазақстандық тізілімі арқылы бақылауға болады.

Егер тексеруші органдар бұзушылықты растаса, онда бұл өнім КО ТР 021/2011 сәйкес айналымнан алынуға жатады және оны Қазақстан Республикасында сатуға тыйым салынуы тиіс.

Барлығы білуі керек:

Тұтынушының заңды құқығы – тауардың заңдылығын тексеру және сатушыдан тек фискалдық, кассалық немесе сату түбіртегін ғана емес, сонымен қатар тауардың сәйкестік сертификатын/декларациясын талап ету болып табылады!

Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңына сәйкес, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) тұтынушылардың тауарлар мен дүкендерді дәлелдеме ретінде фото, бейнежазбаларға түсіруге қатысты құқықтарын шектеуге тыйым салынады.

Белсенді болыңыз!

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатумен, контрафактімен, жалғандықпен, контрабандамен күресуге әрбір азамат қатыса алады!

Біздің жарияланымдарды бақылап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатысты сәйкессіздіктер анықталған өнімдер туралы, заңды бұзған өндірушілер мен сатушыларға қолданылатын шаралар туралы, сондай-ақ бұзушылықтары анықталған өнімдерге қатысты хабардар болыңыз.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/.

Бұл материалды "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында Шымкент қаласында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында дайындады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147211-tutynushyga-kenges-qoldanuga-zharamsyz-onimdi-almau-ushin-neni-biluimiz-qazhet/