Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде мерзімі өтіп кеткен өнім сатылған

Жарияланған күні:

Дүкен
Дүкен. Көрнекі фото: pixabay.com

"Ақпараттық қызмет көрсетудегі тұтынушылардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында Абай облысында таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасына, сондай-ақ, сатушыларына (өндірушілерііне) қатысты нақты ақпараттарды алуын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі өкілі Семей қаласындағы дүкендердің бірінен салмағы 90 г болатын "Острая палочка "Бей-лон" сатып алды.

2024 жылдың 05 шілдесінде сатылып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Өскемен қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына Қазақстан Республикасы заңнамаларының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тапсырылды (Сынақ хаттамасы 09.07.2024 ж. № 227/15232).

Өнім
Өнім. Фото: Биятан Жанна

Өнімнің Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігін зерттеу кезінде өндіруші өндіру күнін – 09.03.2024 ж., ал жарамдылық мерзімін 19.03.2024 жылға дейін деп көрсеткені анықталды, яғни. сатып алынған күні бұл өнімнің жарамдылық мерзімі біткен – 19.03.2024 жыл.

Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес жарамдылық мерзімі белгісіз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер қауіпті деп танылады.

Өнім
Өнім. Фото: Биятан Жанна

Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізгені үшін сатушының жауапкершілігі

Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін тауарларды сатқаны үшін сатушылар заңды жауапкершілікке тартылады.

Қазақстан Республикасы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес (30-бап), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарларды өткізу айыппұлдар мен ақшаны қайтару немесе өнімді ауыстыру міндеттемесі көзделген бұзушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 1-бөлігі, 425-бабына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы, сондай-ақ гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттерін, Қазақстан Республикасы заңнамасындағы талаптарды бұзғаны үшін, адам денсаулығына залал тигізбеген жағдайда – жеке тұлғаларға – 30 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

«Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» ҚБ Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 41-бабы 8 және 14-тармақтарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылардың проблемалары мен құқықтары туралы зерттеуге және таратуға құқылы, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелеріне қатысты ақпаратты, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал ететін өзге де ақпаратты таратуға міндетті.

Сонымен қатар, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ "MOТҚҚҚ" ҚБ таратқан басқа да ақпараттар жарнама болып табылмайды.

Қызметкерлер
Қызметкерлер. Фото: Биятан Жанна

Техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес, бұл өнімді Қазақстан Республикасында сатуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабына сәйкес сатушының/дайындаушының міндеттеріне тауар мен өндіруші туралы толық ақпарат беру кіреді.

Бұл ретте ақпарат мемлекеттік және орыс тілінде қатар берілуі тиіс. Бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат ұсынылмаған болып саналады.

Ақпараттың мәтіні «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңының талаптарына сәйкес келуі керек.

Құрметті тұтынушылар!

«Өнімдердің таңбалануын, заңдылығын тексеріңіз және сатушыдан фискалдық, қолма-қол ақшаны немесе сату түбіртегін, сондай-ақ өнімнің сәйкестік сертификатын/декларациясын талап етіңіз. Бұл сіздің заңды құқығыңыз және денсаулығыңызды сақтау – өз қолыңызда!», – деп Абай облысы тұтынушыларына қаратып айтады құқыққорғаушы сарапшы Жанна Биятан.

Әрбір тұтынушы Еуразиялық экономикалық комиссияның «Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімі» сайтына мына сілтеме бойынша: https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs, сондай-ақ сәйкестікті растау құжаттарын тіркеудің қазақстандық сайтына: https://eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm.xhtml кіріп, нақтылық үшін сәйкестік туралы декларацияның бар-жоғын біле алады.

Тиісті шаралар қабылдау үшін зерттеу материалдары құзырлы органдарға жолданды.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147214-semeide-merzimi-otip-ketken-onim-satylgan/