Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер күн райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

11 тамызда түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с болады. Облыстың солтүстік жартысында төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 тамызда Атырау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстік- батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 тамызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

11-16 тамызда Түркістан облысы, Шымкент пен Түркістан қалаларының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

11 тамызда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

11 тамызда түнде Абай облысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

11 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147281-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/