Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезқазғанда техникалық регламентке сәйкес келмейтін кеспе сатылған

Жарияланған күні:

Дүкен
Дүкен. Көрнекі фото: pixabay.com

Жезқазған қаласында өткізілетін тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасын, сондай-ақ сатушылары (өндірушілері) туралы сенімді ақпараттарды алуға қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жобаны жүзеге асыру шеңберінде "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілі жасырын сатып алушы әдісімен дүкендердің бірінен "Samyang cheese" тез дайындалатын кеспесін сатып алған.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сәйкес, жарамдылық мерзімі белгісіз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер қауіпті деп танылады.

"Samyang cheese" кеспесі
"Samyang cheese" кеспесі. Фото: Жанна Биятан

Сонымен, 2024 жылдың 17 шілдесінде сатылып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына ұсынылды. Өнімнің Кеден одағының "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламентіне сәйкестігіне сараптама жүргізу кезінде мынадай жайлар анықталды:

1) Бұл өнімнің жарамдылық мерзімі сатып алынған күні аяқталған. (Өндіруші өндіру күнін 2022 жылдың 1 қарашасы деп, ал жарамдылық мерзімін 2023 жылдың 31 қазанына дейін деп көрсеткен);

2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жоқ (ақпарат тек шет тілінде берілген).

Бұған Ұлттық сараптама орталығының № 393 22.07.2024 жылғы сынақ актісі дәлел. Осылайша, бұл өнімде техникалық регламенттерге сәйкессіздіктер бар деп есептейміз. Бұл зерттеу нәтижелері мен материалдарды тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы тиісті органдарға шешім қабылдау үшін жіберді.

Кәсіпкерлерді ақпараттандыру үшін!

ҚР "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" кодексінің 425-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылық, егер адам денсаулығына зиян келтірілмесе, онда:

- жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде;

- лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 230 АЕК мөлшерінде;

- орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 310 АЕК мөлшерінде;

- ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеліп соғады.

Қазақстандағы айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге.

"Айыппұлдар мөлшері өте жоғары, сондықтан мен кәсіпкерлерді сауда алаңында тәртіпті сақтауға шақырамын. Сату алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізіңіз, таңбалауға, атап айтқанда, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

Тамақ өнімдерін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейтін 4-бапқа қатысты сәйкессіздіктерді байқасаңыз, дистрибьютерлердің тауарларынан бас тартқан жөн", – екенін Жезқазған кәсіпкерлеріне қаратып айтады құқыққорғаушы Жанна Биятан.

"Мен сөредегі өнімдерді әртараптандыру үшін көбінің тәуекелге баратынын, яғни қауіпсіздігі мен сапасын растайтын құжатсыз тауарды сатуға жіберетінін түсінемін", – деп жалғастырды ол.

Тауарды сатуға алған кезде импорттаушылардан/дистрибьюторлардан сәйкестік туралы декларацияны талап ету қажет, ол түпнұсқа мөрмен куәландырылуы тиіс. Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2021 жылдың 12 қарашасындағы № 130 шешімімен https://adilet.zan.kz/rus/docs/H21EV000130 көрсетілген, оның 10-бабында: импортталатын өнімге қатысты техникалық реттеу шараларының сақталуын растау үшін бірыңғай нысанда ресімделген сәйкестік туралы декларацияны пайдалануға, егер мұндай өнімнің декларанты:

• осы өнімдердің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші ретінде құжаттарда көрсетілген тұлға болса;

• сәйкестікті растау кезінде өтінім беруші немесе өндіруші техникалық реттеу шараларына сәйкестігін растау үшін осындай құжаттарды пайдалануға рұқсат берген тұлға (жаппай өндірілетін өнім үшін) тұлға болса.

"Мұндай құжаттарды пайдалану құқығы көрсетілген тұлғаға сәйкестікті бағалау кезінде өтініш берушінің немесе өндірушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерін беру арқылы расталады", – дейді заңгер Жанна Үрметханқызы.

Көріп отырғанымыздай, өнімді сататын әрбір кәсіпкердің өтініш беруші ретінде сәйкестік туралы декларациясы болуы керек. Ал егер ол декларацияның өтініш берушісі болмаса, онда өтініш берушінің немесе өндірушінің өзінің мөрімен куәландырылған декларацияның көшірмелері болуы тиіс. Бұл жағдайда декларацияға өтініш беруші кез келген кәсіпкер немесе өндірушінің өзі бола алады.

Декларация қандай болуы керек?

Декларация үлгісі
Декларация үлгісі. Скриншот: adilet.zan.kz

Сонымен қатар, тұтынушылар мен кәсіпкерлер декларацияның бар-жоғын https://tech.eaeunion.org/registers/35-1/ru/registryList/conformityDocs сілтемесі бойынша "Берілген сәйкестік сертификаттарының және тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінде" өз бетінше тексере алады.

Сондай-ақ сәйкестікті бағалауға арналған құжаттар тізіліміне арналған қазақстандық сайт бар: https://eokno.gov.kz/public-register/register-ktrm.xhtml онда тауарлар мен құжаттардың түпнұсқалығын тексеруге болады", – деп қазақстандық кәсіпкерлерге кеңес береді заңгер Жанна Биятан Үрметханқызы қазақстандық кәсіпкерлерге .

Осы және тағы да басқалар туралы әлеуметтік жоба аяқталғаннан кейін өтетін брифингте айтылады. Брифингтің өтетіні туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланады: OZPP.KZ. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147434-zhezqazganda-tehnikalyq-reglamentke-saikes-kelmeitin-kespe-satylgan/