Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында жарамдылық мерзімі өткен сусын сатылғаны анықталды

Жарияланған күні:

Дүкендегі сусын
Дүкендегі сусындар. Көрнекі фото: pixabay.com

Биыл шілдеде тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің құқыққорғаушы-сарапшысы "Freeze Soft Drinr Strowberry" сусынын сатып алып алған.

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктің құқыққорғаушы-сарапшысы сусынды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ДСМ СЭБК) Ұлытау облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалы аккредиттелген сынақ орталығының зертханасына Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық қауіпсіздік талаптарына өнімнің яғни, Кеден одағының "Тағамдық өнімнің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/20211 техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау мақсатында тапсырылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы зертханасының зерттеу нәтижесі 22.07.2024 жылғы №406 хаттамасына орай, өнімнің шығарылған күні – 2023/06, жарамдылық мерзімі – 2024/06. Нәтиже көрсеткеніндей, өнімнің жарамдылық мерзімі аяқталған.

Дүкендегі сусын
Дүкендегі сусын. Фото: Жанна Биятан

Мерзімі аяқталған сусындар денсаулық үшін қауіпті ме?

Мерзімі біткен өнімді пайдалану денсаулық үшін қауіпті саналады. Тек дәмі ғана емес, сонымен қатар өнімнің қауіпсіздігіне де қатер төнеді. Мерзімі өткен сусындарда ыдырау процесінде дами түсетін заттар денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін. Атап айтқанда, сусынның құрамында токсиндік заттар немесе бактериялардың түзілуіне әкелетін ықтимал өзгерістер улануды немесе аллергиялық реакция тудырары сөзсіз.

Сондай-ақ кешенді зерттеу кезінде тағы мынадай маңызды сәйкессіздіктер анықталды: Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпараттың болмауы. Таңбалау өнімінде қазақ және орыс тілдерінде келесідегідей мәліметтер болуы керек:

1. тағамдық өнімнің атауы;

2. тағамдық өнімнің құрамы;

3. тағамдық өнімнің мөлшері;

4. тағамдық өнімді дайындау күні;

5. тағамдық өнімнің жарамдылық мерзімі;

6. азық-түлік өнімінің жекелеген түрлеріне Кеден одағының техникалық регламенттерімен немесе дайындаушы орнатқан тағамдық өнімді сақтау талаптары. Қаптамасын ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін азық-түлік өнімдері үшін өнімді ашқаннан кейінгі сақтау шарты көрсетіледі;

7. тағам өнімін дайындаушының атауы және орналасу орны, жеке кәсіпкердің-тағам өнімін дайындаушының тегі, аты, әкесінің аты және орналасу орны (әрі қарай – дайындаушының атауы және орналасу орны);

8. қолдану жөніндегі ұсыныстар немесе шектеулер;

9.  тағам өнімінің тағамдық құндылықтарының көрсеткіштері;

10.  гендік түрлендірілген организмдерді (ГТО) қолданумен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;

11.  Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі (ЕАС);

Таңбалаудағы осындай маңызды мәліметтердің болмауы тұтынушылар денсаулығына қауіп төндіріп, өнімнің сапасын тиімді бақылауға кедергі келтіреді.

Кәсіпкерлердің жауапкершілігі: бұзушыларға қандай шара қолданылады?

Қазақстан Республикасы заңдары бойынша, мерзімі өткен өнімді сатқаны үшін сондай тауарларды сатқан сауда нүктелері жауап береді. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сай, жарамдылық мерзімі біткен өнімдерді сатқаны үшін айыппұлдар мен басқа да ықпал ету шаралары көзделген. Сатушылар мұндай өнімді дереу сатылымнан алып тастауға міндетті.

"Жарамдылық мерзімдерін және таңбалау ережелерін бұзу – бұл жай ғана қателік емес, бұл тұтынушылардың денсаулығын елемеу. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келмеуі елеулі салдарға әкелуі мүмкін. Кәсіпкерлердің заңнаманың барлық талаптарын сақтағаны, ал бақылау органдарының нормалардың орындалуын қадағалағаны өте маңызды.

Тұтынушылар хабардар болуы тиіс, ал кәсіпкерлер – сатылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық нормалар мен ережелерді сақтауы тиіс", – деп санайды тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы сарапшы Жанна Биятан.

"Сақ болыңыз және өз құқығыңызды қорғаудан қысылмаңыз. Өйткені тек күш біріктіру арқылы ғана нарықтағы тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге болады", – дейді ол.

Тұтынушыларға арналған сарапшы-құқыққорғаушының ұсынымдары:

1. Сатып алу алдында тауарлардың қаптамасындағы мерзіміне мұқият зер салыңыз.

2. Мемлекеттік тілдегі мәліметтердің бар-жоғын қоса алғанда, қаптамадағы өнім туралы ақпаратты оқыңыз.

3. Егер мерзімі өткен немесе дұрыс таңбаланбаған тауарларды байқасаңыз, тиісті органдарға бұзушылықтар туралы хабарлаңыз.

Бұл материалды әлеуметтік жобаны орындаушы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады. "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізеді. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147500-ulytau-oblysynda-zharamdylyq-merzimi-otken-susyn-satylgany-anyqtaldy/