Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде адам үзілмейтін дүкенде дұрыс таңбаланбаған корей кеспесі сатылған

Жарияланған күні:

Дүкендегі тауар
Дүкендегі тауар. Көрнекі фото: pexels.com

Абай облысындағы тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба аясында Семей қаласындағы адамдар үзілмейтін дүкендердің бірінен "SOON" VEGGIE RAMYUN тез дайындалатын кеспе" өнімі сатылып алынды.

Сатылып алынған өнім ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген сынақ зертханасына Қазақстан Республикасы заңнамаларының барлық қауіпсіздік талаптарына, атап айтқанда Кеден одағының «Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 021/2011 және «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» 022/20211 техникалық регламенттеріне сәйкестігін анықтау үшін тапсырылды.

Тез дайындалатын кеспе
Тез дайындалатын кеспе. Фото: Жанна Биятан

Кеден одағының «Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты» 022/20211 техникалық регламентіне сәйкестігін анықтауға қатысты жүргізілген зерттеудің хаттамасында:

1) тамақ өнімдерінің атаулары туралы;

2) тамақ өнімдерінің құрамы туралы;

3) тамақ өнімдерінің саны туралы;

4) тамақ өнімдерін өндіру күні туралы;

5) тамақ өнімдерін сақтау шарттары туралы;

6) өндірушінің атауы мен орналасқан жері туралы;

7) өнімді пайдалану бойынша ұсыныстар немесе шектеулер туралы;

8) тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері туралы;

9) өнімде генетикалық түрлендірілген ағзалардың бар-жоғы туралы;

10) ЕАО бірыңғай таралым белгісі жоқ. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәліметтердің жоқтығы көрсетілген.

Сонымен қатар, өндірілген күні мен жарамдылық мерзімінің таңбалануы оңай оқылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды.

«Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке (КО ТР 005/2011) сәйкестікті анықтау кезінде мына жағдайлар белгілі болды:

Таңбалауда 3-қосымшаға сәйкес, орамасы (қаптамасы) жасалған материалдың сандық коды немесе әріптік белгісі (аббревиатурасы) болуы және 4-қосымшаға сәйкес, таңбалар болуы тиіс: 1-сурет (орама (жабу) тамақ өнімдерімен жанасуға арналған), 2-сурет (пайдаланылған қаптаманы (жабуларды) қайта өңдеу мүмкіндігі – Мебиус ілмегі), ақпарат жоқ.

Тауар белгісі
Тауар белгісі. Көрнекі фото: depositphotos.com

Тағам өнімдерімен жанасу үшін қаптаманы пайдалану мақсатын көрсететін таңба жоқ.

ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңының 25-бабы 7-тармағының негізінде бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп танылады.

Жанна Биятан, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы: "Егер таңбалау шет тілінде болып, мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылмаса, бұл тұтынушыларды жаңылыстырып, олардың денсаулығына кері салдарын тигізуі мүмкін. Мұндай тәсіл оларды өнім туралы, оның құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және басқа да маңызды толық ақпаратты алу мүмкіндігінен айырады. Мәселен, қаптамада тұтынушы түсінетін тілде ингредиенттер тізімі көрсетілмегендіктен, адам аллергиялық реакцияны немесе денсаулыққа қатысты басқа да мәселелерді тудыруы мүмкін аллергендер, бояғыштар немесе басқа да қоспалардың бар екенін білмеуі мүмкін. Бұл, әсіресе, балаларын ықтимал қауіпті заттардан қорғағысы келетін ата-аналар үшін өте маңызды".

Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау мақсатында зерттеу материалдары мен олардың нәтижелері құзырлы органдарға жолданды.

"Дұрыс таңбалау – азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын есте ұстаған жөн. Жауапты өндірушілер мен сатушылар өз өнімдері туралы ақпараттың толық және түсінікті болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек, ал тұтынушылар қырағылық танытып, өз құқықтарын қорғауы тиіс", – дегенді қосты сөз соңында адам құқықтары жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Бұл материал Абай облысында таралатын тауарлар туралы, олардың қауіпсіздігі мен сапасына, сатушысына (өндірушісіне) қатысты шынайы ақпараттарға тұтынушылардың қолжеткізуін қамтамасыз ету мақсатында «Ақпараттық қызметтер көрсету арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру шеңберінде дайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147506-semeide-adam-uzilmeitin-dukende-durys-tangbalanbagan-korei-kespesi-satylgan/