jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Адам саудасымен айналысатын күдікті оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ш. есімді азамат адам саудасы үшін 400 мың теңге алу барысында ұсталды.

"Атап айтқанда, бұл азамат соңғы 2 жыл бойы мүмкіндігі шектеулі екі азаматты қайыршылық жасауға мәжбүрлеп, оларды Шымкент қаласында сату кезінде ұсталып, қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратурадан.

Сонымен қатар тағы 10 азаматтың адам саудасымен айналысу қатыстылығына тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда адам саудасы фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде, өзге ақпарат ҚПК 201-бабының талаптарына сай жария етілмейді.

Түркістан облысында адам саудасымен айналысатын күдікті ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.