Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр, қатты жел": синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын болжады

Жарияланған күні:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болады деп болжады. Жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай күркіреп, қатты жел соғады деп күтіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше,13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 14-16 тамызда батыста, солтүсті-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі.

Сонымен қатар Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық болады деп болжанды.

Қазақстанның қалған аумағында термометрлердің бағандары +18+26°С-тан +22+33°С-қа дейінгі аралықты көрсетеді.

Айта кетейік, Алматыда апта соңында төрт күн қатарынан жаңбыр жауады деп күтіледі.

Шымкентте осы аптада 40 градуыс ыстық болады деп болжанған.

Синоптиктер Астанада апта бойы жаңбыр жауатынын болжады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147745-zhangbyr-qatty-zhel-aldagy-ush-kun-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolmaq/