Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында аудан әкімі ауыл тұрғындарының мәселесін желіге жариялаған қоғам белсендісін сотта жеңді

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Атырау облысы Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов қоғам белсендісі, AQIQAT қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғұбайдуллинді әлеуметтік желіде беделімді түсірді деп сотқа беріп, белсенді қамауға алынды. Кейін аппеляциялық сот шешімді өзгертіп, белсендіге айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қызылқоға ауданының әкімі қоғам белсендісін осымен екінші рет сотқа берген. Былтыр Мұқыр ауылының тұрғындарының шақыртуымен сол ауылға барып, ауыз су мәселесін көтерген қоғам белсендісінің үстінен арыз түскен. Ол кезде қоғам белсендісі айыппұлмен құтылғанын айтады. Осы жолы аудан әкімі Қанат Әзмұханов "Ғабдуллин Facebook желісіндегі "Доссор жаңалықтары" парақшасында беделiмді түсiретiн көрінеу жалған ақпарат таратты" деп сотқа берген. Аудандық сот Ғұбайдуллинді қамауға алу туралы шешім шығарған.

"Қоғам белсендісі болған соң маған Миялы ауылының тұрғыны хабарласып, мәселесін жеткізді. Былтыр әкімдік үйін ойға салып беріп, биыл сол суға кеткен. Соны барып суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктедім. Әкімшілік құқық-бұзушылық кодекстің 73-бабы бойынша сотқа беріп, кейін 20 күн тәулікке қамау туралы шешім шығарды", - дейді AQIQAT қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғабдуллин.

Қоғам белсендісі Мақат ауданы сотының шығарған шешімімен келіспей, облыстық сотқа аппеляциялық шағым түсірген. Іс облыста қайта қаралып, Ғазиз Ғұбайдуллинге 664 560 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

"Құқық бұзушының кінәсі жәбірленушінің арызымен, іске қатысушылардың түсініктерімен, полиция қызметкерінің баянатымен, әлеуметтік желіде жарияланған посттар және аудио-бейнежазбалармен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сараптама қорытындысымен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді. Апелляция құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, бұрынғы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұлдың төленгенін, оның отбасы жағдайын ескеріп, оған әкімшілік айыппұл түріндегі баламалы жазаны қолданды", - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

AQIQAT қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғабдуллин қамауға алынғаннан кейін атыраулық белсенділер "Ғазизді қолдау тобын" құрып, сотқа куәгерлерді шақыртып, белсендіге қолдау көрсетті.

Ал сот залынан босап шыққан Ғазиз Ғұбайдуллин алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне әкімнің үстіне арыз жазатынын айтты.

Автор: Әйгерім Сайқын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147778-atyrau-oblysynda-audan-akimi-auyl-turgyndarynyng-maselesin-zhelige-zhariialagan-qogam-belsendisin-sotta-zhengdi/