Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қонақүйге орналастырмаған": Ақтау-Алматы рейсінің жолаушылары 12 сағат бойы ұша алмаған

Жарияланған күні:

Air Astana ұшағы
Air Astana ұшағы. Көрнекі сурет: https://t.me/PR_AirAstana

Қазақстандықтар Air Astana рейстерінің біріне шағымданды. Бұл жолы жолаушылар Ақтау-Алматы бағытында уақытында ұша алмай, 12 сағаттан астам күтуге мәжбүр болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Ақтау-Алматы рейсі техникалық себептерге байланысты 12 сағаттан астам кешіктірілді.
  • Жолаушылар Air Astana компаниясына қонақүйге орналастырылмағаны үшін наразылық білдірді.
  • Air Astana өкілдері жолаушыларға тамақ берілгенін, бірақ қонақүйлерде бос орын болмағанын айтып, шығындарын өтейтінін мәлімдеді.

KC860 Ақтау-Алматы рейсі жолаушыларының бірі Instagram-дағы парақшасында Ақтау әуежайында әуежай қызметкерлері мен жолаушылардың ұрсысып жатқаны туралы видео жариялады.

Видео авторы Ақтау-Алматы рейсі 9 сағатқа кешіктіріліп, жолаушылар қонақүйге орналастырылмағанын алға тартады.

"Air Astana басқа қаладан келгендерді де орналастырмады, алайда (бар - ред. ескертпесі) олар заң бойынша – 86-бап бойынша рейс түнде 6 сағаттан артық кешіктірілсе, жолаушыларды қонақүйге орналастыруға міндетті. Бірақ олар жай ғана кеңселерін жауып, ешкімге мән бермеді", - деп жазады автор.

Ақтау-Алматы рейсі кешікті. Фото
Ақтау-Алматы рейсі кешікті. Фото: instagram.com/beriqzhan

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне рейс техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылғанын айтты.

"Ақтау-Алматы бағыты бойынша KS860 рейсі 12 тамызда сағат 01:00-ден 14:30-ға дейін кешіктірілді, жолаушылар тамақпен қамтамасыз етілді, әуекомпаниясының келісімшарттары бар қонақүйлерде бос бөлмелер болмады. Сондықтан әуекомпания жолаушылардан шығындарын өтей отырып, басқа қонақүйлерде нөмірлерді өз бетінше брондауды сұрады", - делінген хабарда.

Сондай-ақ компания өкілдері өтемақы төлеуге өтініштер чектер көрсетілгеннен кейін help.airastana.com сайтында қабылданатынын атап өтті.

Әуекомпания келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147832-qonaquige-ornalastyrmagan-aqtau-almaty-reisining-zholaushylary-12-sagat-boiy-usha-almagan/