Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорған дүкендерінің бірінде жарамдылық мерзімі өткен шұжық сатылған

Жарияланған күні:

Шұжықтар
Көрнекі фото: pexels.com

"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі азық-түлік қаптамасындағы таңбалауды мұқият зерттеп, оның сапасы мен қауіпсіздігін қадағалаудың қаншалықты маңызды екенін айтып берді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Ата-аналарға кеңес: балаларға арналған тіс щеткасы мен ойыншықты қалау таңдау қажет

Биыл маусымда құқыққорғаушы сарапшы Жанна Биятан Талдықорған дүкендерінің бірінен өндіруші елі Беларусь Республикасы болып табылатын бірінші сортты "Минские Люкс" тауық етінен жасалған таза салмағы 0,576 кг шұжықты және Қытайда жасалған шие және жүзім дәмі бар "Zhenchu" сусынын сатып алды.

ССатып алынған өнімдер Жетісу облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚСЭК МЗ) "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына зерттеуге ұсынылды. Сарапшының хабарлауынша, өнімді кешенді зерттеу барысында шұжық өнімдерінің жарамдылық мерзімі өтіп кеткені анықталды (2024 жылдың 11 шілдесіндегі № 1145/4955/РО 2400623 хаттамасы).

Шұжықтар
Фото: Биятан Жанна

"Жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді сату тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді, мұндай жағдайлардың улануға немесе аллергиялық реакцияларды тудыру қаупі бар, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдерді тұтыну тек тамақтан улануды ғана емес, сонымен қатар тұтынушының өміріне қауіп төндіруі де мүмкін, – деп өз қарсылығын білдіреді сарапшы. – Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес, сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерге де қатысты".

"Сауда орнын жоспардан тыс тексеруді бастау үшін тұтынушылар аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне (СЭҚБ) хабарласа алады. Мұндай тексеру азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өтініші негізінде растайтын құжаттар, оның ішінде фискалдық немесе сату түбіртегі болған жағдайда жүргізіледі. Оған қоса, дәлел ретінде фото немесе бейнематериалдарын жазу-түсіру ұсынылады. Қазақстан Республикасының "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңында сатушыға тауар мен дүкеннің фото/бейне түсірілімін дәлел ретінде пайдалану үшін тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынған, – екенін еске салады Жанна Үрметханқызы, – Осы орайда егер өнімді тұтыну нәтижесінде денсаулыққа зиян келтірілсе, өтінішке денсаулық сақтау ұйымының тиісті анықтамасы да қоса берілуі керек", - деді Жанна Биятан.

Мерзімі өтіп кеткен өнімді сатқаны үшін сатушылар да жауапқа тартылатыны белгілі. Сауда ережелерін бұзғаны, оның ішінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді өткізгені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қомақты айыппұлдар мен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл шаралар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

"Барлық азаматтарды өнімнің жарамдылық мерзімін мұқият тексеріп, бұзушылықтар анықталған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімдер сатылған жағдайда жауапкершілік толығымен сатушыларға жүктеледі. Зерттеу материалдары мен оның нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін Жетісу облысының құзырлы органдарына жібердік", - дейді "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан.

Жанна Үрметханқызы өз сөзін былай деп жалғастырады:

"Біз тұтынушыларға сақ болуды және өз денсаулығына қауіп төндірмеуді, сондай-ақ қауіпсіз және сапалы өнімді қамтамасыз ету үшін байқаған бұзушылықтар немесе сәйкессіздіктер жөнінде тиісті орындарға хабарлауды ұсынамыз.

Мерзімі өтіп кеткен немесе қате таңбаланған өнімдердің нарыққа енуіне жол бермеу үшін сатушылар барлық сауда ережелері мен талаптарды сақтауға міндетті. Адам денсаулығы мен олардың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Тағам таңдауда абай болып, жауапкершілікпен қараңыз!".

Жеміс сусыны
Фото: Биятан Жанна

Шие және жүзім дәмі бар "Zhenchu" сусынынан сарапшылар микрохимиялық-токсикологиялық көрсеткіштердің бұзылуын анықтаған жоқ, бірақ КО 022/2011 ТР және КО 005/2011 ТР сай, қауіпті сәйкессіздіктер бар. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік және орыс тілдеріндегі таңбалама, сонымен қатар, пиктограмма және таңба (қаптама жасалған материалдың белгіленуі немесе әріптік белгісі), яғни, Mебиус ілмегі (2024 жылдың 11 шілдесіндегі № 1149/4955/РO 2400623 және № 1150/4955/РO 2400623 хаттамалары) болған жоқ. Бұл ҚР ӘҚБтК-нің 203-бабына сәйкес контрафактілік өнімдер сатылымнан алынып, заңды бұзушылар жазалануы тиіс дегенді білдіреді.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сарапшылар тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына сәйкестігін анықтау үшін Қазақстан бойынша 500-ден астам өнім түрін сатып алды. Жаңалықты NUR.KZ және Zakon.kz интернет-ресурстарынан бақылаңыз.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147929-taldyqorgan-dukenderining-birinde-zharamdylyq-merzimi-otken-shuzhyq-satylgan/