Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балкон арқылы кірген": Астанада ер адам 15 жастағы қызды өрттен аман алып қалды (видео)

Жарияланған күні:

Құтқару сәті
Құтқару сәті. Видеодан кадр: instagram.com/ zhaloby__astana

Астанада көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты. Қызыл жалынның ортасында қалған 15 жастағы қызды ер адам өрттен аман алып қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі @zhaloby__astana парақшасында жарияланды. Онда өрттің елордадағы Сығанақ көшесіндегі тұрғын үй кешенінде болғаны айтылған.

"Полиция мен ТЖ қызметкерлері балкон арқылы кірген жігітті іздестіріп жатыр", - деді автор.

Qazaqstan телеарнасының ақпаратынша, ер адам қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртенген пәтердің терезесінен кіріп, қыз баланы құтқарған.

"МӨС-3 аға инженері азаматтық қорғау капитаны Серік Рахымжанов пен 1984 жылғы азамат 2009 жылы туған қызды құтқарды. Ер адам көрші пәтерден балкон арқылы кіріп, қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырды", - делінген ТЖД ақпаратында.

"Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген Telegram-дағы "112 KZ" арнасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2147976-balkon-arqyly-kirgen-astanada-er-adam-15-zhastagy-qyzdy-ortten-aman-alyp-qaldy/