Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есікті ішкі жағынан теуіп шықтық": Астанада қызды өрттен құтқарған тұрғын туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Алтынбек Алтаев
Алтынбек Алтаев. Фото: instagram.com/ asikoaza6

Күні кеше Астана тұрғыны көпқабатты үйлердің біріндегі өрттен 15 жастағы қызды құтқарып қалды. Көп ұзамай тілсіз жаудан қорықпай, өртенген пәтерге балкон арқылы кірген азаматтың кім екені белгілі болды.

Тұрғынның сұқбаты 24.kz арнасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды.

"Бірінші кірген мен. Өрт тоқтан шыққан соң автоматтарды өшіріп, үйдің ішін қарадым. Қыздан басқа ешкім жоқ екен. Сол қызды алып, есікті ішкі жағынан теуіп, ашып шыққанымыз рас", - деді ол.

Видео астында астаналық тұрғынға қатысты ақпарат жарияланған. Оның аты-жөні – Бейсенұлы Алтынбек Алтаев. Екі баланың әкесі сол тұрғын үйде тұрады.

Айта кетейік, өрттің видеосы кеше Instagram желісіндегі @zhaloby__astana парақшасында жарияланды. Онда жалынның елордадағы Сығанақ көшесіндегі тұрғын үй кешенінде тұтанғаны айтылған.

"Полиция мен ТЖ қызметкерлері балкон арқылы кірген жігітті іздестіріп жатыр", - деді автор.

Qazaqstan телеарнасының ақпаратынша, ер адам қорғаныш құралдарынсыз балкон арқылы өртенген пәтердің терезесінен кіріп, қыз баланы құтқарған.

"МӨС-3 аға инженері азаматтық қорғау капитаны Серік Рахымжанов пен тағы бір азамат 2009 жылы туған қызды құтқарды. Ер адам көрші пәтерден балкон арқылы кіріп, қызды газ-түтіннен қорғау қызметіне тапсырды", - делінген ТЖД ақпаратында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148178-esikti-ishki-zhagynan-teuip-shyqtyq-astanada-qyzdy-ortten-qutqargan-turgyn-turaly-ne-bilemiz/