Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүк тасушы болдым": Дубайда аспаз болып жұмыс істейтін қазақ жігіті туралы не білеміз (фото)

Жарияланған күні:

Даниял Ахметов.
Даниял Ахметов. Фото: Жеке мұрағат/ massaget.kz

Даниял Ахметов небәрі 22 жасында Дубайда Мишлен ұсынысы бар мейрамханада аспаз болып жұмыс істейді. Орал қаласында дүниеге келген жігіттің жетістігі мен жүріп өткен жолы да ерекше, деп жазады Massaget.kz.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Оралдық Даниял Ахметов 22 жасында Дубайда Мишлен ұсынысы бар мейрамханада аспаз болып жұмыс істейді.
  • Ол 18 жасында мұнайшы мамандығын тастап, аспаздыққа бет бұрған, Қазақстанда және шетелде түрлі мейрамханаларда тәжірибе жинаған.
  • Даниял қазір Дубайда Мишленнің Bib Gourmand номинациясы бар мейрамханада жұмыс істейді және болашақта Қазақстанға оралып, елдегі мейрамхана саласын дамытуды армандайды.

Даниял Ахметов Орал қаласында дүниеге келген. Ол 18 жасында өмірін күрт өзгертіп, аспаздыққа бет бұрған. Бір қызығы, диплом бойынша мамандығы – мұнайшы. Қазір ол Дубайда, Мишленнің Bib Gourmand номинациясы бар мейрамханада жұмыс істейді. 

"Бала кезімде аспаз боламын деген ой болмаған, керісінше техникалық мамандықтарға, физика, математика, робототехника, астрономия сияқты салаларға қызығушылығым болған. Тіпті мектеп кезінде түрлі халықаралық жарыстарға қатысқанмын. Жастайымнан жұмысқа, жаңа білімге құштар болдым.

14 жасымда, әкемнің рұқсатымен алғашқы жұмысыма тұрдым. Ата-анам қарсы болған. Негізі жұмыс істеу мұқтаждықтан емес, құштарлықтан пайда болды. Алғашында құрылыста, көлік жуу кешендерінде, ойын автоматтарында оператор болып, жүк тасушы болып та жұмыс істедім. Тамақты да аса бір көп пісірмейтінмін", - дейді ол.

Осылайша Даниял 2020 жылы карантин кезінде суши орталығына жұмысқа тұрады. Бұл оның өмірі түбегейлі өзгеруіне жасаған алғашқы қадамы болған.

"Алғашында 1 апта тек күрішті дұрыстап жуып, дұрыстап дайындауды үйреткен болатын, одан кейін суши-пицца жасап үйрендім. Сол жерде аспаз болғым келетінін түсіндім. Кейін Оралдағы  италиялық мейрамханаға жұмысқа кірдім. Сол жерде асхананың не екенін түсініп бастадым. Бас аспаз түріме, қолыма қарап, "аспаз болу қолыңнан келмейді" деген.

Намысыма тиді, сонымен тоқтамай жұмыс істеп, жаңа білім алып, ізденіп бастадым. Бір күні Алматыдағы Көктөбеде серуендеп жүріп әдемі мейрамхананы көрдім, нар тәуекел деп кіріп, бас аспазынан жұмыс бар-жоғын сұрадым. Бас аспазы Испанияда білім алған Жанар атты ханым, сол кісі мені жұмысқа қабылдап, нағыз шебер болуды үйретті, қазіргі жетістігім сол кісінің арқасында", - дейді ол. 

Содан бастап Даниял Ахметов атышулы мейрамханаларда қызмет еткен. Қазақ жігіті түрлі мерекелерде танымал адамдарға ас әзірлеген. 

"Аспаз қиын жұмыстардың бірі ғой. Алайда маған шетелде бұл іс қиынға соқпады, себебі Қазақстанда мейрамханада істеген тәжірибем әлемдік стандарт бойынша жұмыс істеуге көмек етті. Бұл жер шетелге шығуыма үлкен әсерін тигізді. Онда Louis Vuitton, Prada секілді компаниялардың кештерін өткізетінбіз. Сондай кештердің бірінде шетелге жұмысқа баруға ұсыныс түсті", - дейді ол. 

Даниял Ахметов
Даниял Ахметов. Фото: Жеке мұрағат/ massaget.kz

Оралдық жігіт шетелде кездескен қиындығы мен қызығы туралы да жасырмай айтты. Оның сөзінше, бірде қонақүйде Сауд Арабия королінің отбасы тұрақтаған. Соның себебінен қонақүй бір аптаға жабылып, тіпті жұмысшыларды да шығармаған. 

"Қазақстаннан 4 аспаз болып, Сауд Арабиясына әлі ашылмаған St.Regis қонақүйіне жол тарттық. Ол жердің ашылуын ұйымдастырып "preopening team"-да болдық. Қазір бұл арал – Сауд Арабиясының Малдиві және Роналдудың сүйікті аралдарының бірі. Басынан бастап жұмысқа білек сыбана кірістік, шетелдіктер біздің еңбекқорлығымызға таңғалған", - дейді ол. 

Артынша Сауд Арабиясында біраз жұмыс істеген аспаз ондағы бірнеше әділетсіздікке шыдамай, Біріккен Араб Әмірлігіне көшуге бел буған. 

"Қолымда бар болғаны 52 мың теңге болды. Ешкімге айтпай бір күнде шешім қабылдадым, баратын жерім, істейтін жұмысым да болған жоқ", - дейді ол. 

Осылайша Дубайға көшкен жігіт бұрынғы жұмысынан да артық мейрамхана тапқан. Қазір Даниял Ахметов аспаздар армандайтын Мишлен жұлдызына бір қадам тұр. 

"Жалпы Мишлен бұл аспаздар мен мейрамханалар арасындағы Оскар, Грэмми, Алтын доп десек те болады. Аспаз болып бастағаннан арманым сол болатын. Сауд Арабиясынан Дубайға көшіп келгенде сондай Мишлен жұлдызы бар мейрамханаға жұмысқа тұрамын деп келдім. Міне, енді өзіме ұнайтын мейрамхана командасымен 1 ай бұрын Мишленнен "bib gourmand" номинациясын алдық. Қуанышымда шек болмады. Ендігі кезекте жұлдыз алу", - дейді ол.

22 жастағы Даниял шетелде қалғысы келмейді. Ол елдегі мейрамхана саласын дамытуды армандайды. Оралдық жігіт шетел аралап, түрлі мейрамханалар мен адамдарды көріп, тәжірибе алмасқанды жөн санайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148216-zhuk-tasushy-boldym-dubaida-aspaz-bolyp-zhumys-isteitin-qazaq-zhigiti-turaly-ne-bilemiz-foto/