Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Даулы видеодан кейін батысқазақстандық прокурорға қатысты тергеу басталды

Жарияланған күні:

Мас күйдегі прокурор. Фото
Мас күйдегі прокурор. Фото: facebook.com

Әлеуметтік желіде "Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуроры мас болып, көше кезіп жүр" деген видео тарады. Облыстық прокуратура тергеу басталғанын хабарлады, деп жазады "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Видео Facebook желісінде жарияланды. Пост авторының сөзінше, кадрдағы күндізгі уақытта мас болып, Оралдағы көшеде жүрген ер азамат табиғат қорғау прокуроры делінген. Бұл видео көпшіліктің үлкен наразылығын тудырды.

"Бұл әрекеті оның кәсіби беделіне күмән келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар прокурордың Қазақстан Республикасының заңдарын елемейтіндігін көрсетеді, оның құзыреті мен этикасына қатысты түрлі сұрақтар туғызады", - деп жазған автор.

Ал Батыс Қазақстан прокуратурасының баспасөз қызметі прокурорға қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады. Олар нәтижені кейінірек хабарлауға уәде берді.

Еске салсақ, желіде полиция қызметкерлері азаматтық киім киген ер адамның алдында жаттығу жасап жатқаны көрсетілген видео пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148321-mas-bolyp-koshe-kezgen-batysqazaqstandyq-prokurorga-qatysty-tergeu-bastaldy/