Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген тағамдар қаншалықты қауіпті

Жарияланған күні:

Азық-түлік дүкені
Көрнекі фото: pixabay.com

Кадмий, қорғасын, күшәланың (мышьяк) қосылыстары секілді ауыр металдар тұздарының көп мөлшері адам ағзасына зиянды әсер етуі мүмкін. Олар тіндерде жинақталып, бірқатар ауруды тудыруы ықтимал.

Металдардың биологиялық процестерінде қорғасын мен сынап токсинді металдар ретінде олардың пайдалы рөлі болмайды. Әдетте тірі организмдерге токсинді әсері бар ванадий немесе кадмий секілді кейбір элементтер кейбір түрлері үшін пайдалы болуы да мүмкін.

Ауыр металдардың мұндай қосылыстары әдетте тағам өнімінде, атап айтқанда, кептірілген жемістерде немесе өсімдіктерден дайындалатын өнімдерде болады, өйткені ол топырақпен жанасып, сол арқылы өнімге өтеді.

"Өзбекстаннан әкелінген "Qoqon Holva" шығыс тәтті тағамының құрамынан металдарды анықтау немесе жоққа шығару үшін бұл нысанды микроскоппен зерттеуге Ұлытау облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығына жолдадық", – деді тұтынушылар құқығын қорғау сарапшысы Жанна Биятан.

"Микроскопиялық зерттеулер хаттамасында ауыр металдар тұздары жоқ екені көрсетілді. Бұл бізді қуантқаны соншалық, Жезқазғанның тұтынушыларына осы өнімді ұсынғымыз келген, бірақ, таңбалауға қатысты зерттеулер өнімнің шығарылған күні мен жарамдылық мерзімінің жоқ екенін көрсетті, бұдан бөлек мемлекеттік тілде де ақпараттар жоқ", – деп жалғастырды ол.

Тұтынушыларға ұсынымдар

Сарапшы өнімнің таңбалануын мұқият зерделеуді ұсынады: Қазақстанның аумағына әкелінетін және дайындалатын барлық тағам өнімдерінде тауардың міндетті таңбалануы болуы керек, өйткені ол тауардың сатып алу кезіндегі тұтынушы кездестіретін, бүкіл негізгі ақпараты бар бірінші ақпараттық блок болып табылады.

Әсіресе жарамдылық мерзіміне және сақтау талаптарына назар аудару керек.

Егер мерзімі бітуіне бірнеше күн қалған немесе жарамдылық мерзімі бітуіне байланысты бағасы төмендетіліп сатылатын науқанды өнімдерді сатып алуды ұсынбас едім.

Жарамдылық мерзімі біткен өнімді сатуға Қазақстан Республикасында жол берілмейді. Қазақстанда мемлекет ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексіне сай тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін басты орынға қояды, егер "техникалық регламенттерге, гигиеналық нормативтерге сәйкес қауіпсіздік талаптарына сай келмейтіні анықталса" онда өнім қауіпті болып саналады, бұл:

  • оның қадағалануын, қауіпсіздігін растаушы өндірушінің (жабдықтаушының) құжаттары жоқ өнім;
  • нормативтік құқықтық актілері талаптарына таңбалауы сай келмейтін өнім;
  • жарамдылық мерзімі белгіленбеген немесе біткен өнім;
  • қолдан жасалған өнім– дейді сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Егер жарамдылық мерзімі біткен өнім сатылса, тұтынушы не істеуі керек?

ҚР "Тұтынушылар құқығын қорғау туралы" заңының 30-бабы 1-1-тармақшасына сай, сатушы (дайындаушы) жарамдылық мерзімі өткен соң сатылған, техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде зияткерлік меншік құқықтары бұзыла отырып шығарылған тауарды оның пайдаланылғанына, тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиеттерінің, пломбаларының, заттаңбаларының сақталуына-сақталмауына қарамастан, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде ауыстыруды немесе сатып алынған тауар үшін ақшалай соманы тұтынушыға ұсына отырып, қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.

"Жоспардан тыс тексеруді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары растаушы құжаттары болғанда жеке және заңды тұлғадан өтініштер түскен кезде ғана жүргізіледі. Растаушы құжат фискальдық немесе тауарлық чек болып табылады. Өтінішке фото/бейнематериалдарды да қоса тіркеген жөн", – екенін ескертеді тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы.

Шығыс десерті
Фото: Биятан Жанна

Дайындау күні және жарамдылық мерзімі жоқ өнімді сатқан сатушының жауапкершілігі

Сарапшы мерзімі өткен, сондай-ақ дайындау күні және жарамдылық мерзімі жоқ өнімді сатқаны үшін сатушы мемлекет бюджетіне мынадай айыппұл төлеуі мүмкін:

  • 30 АЕК (103 500 теңге) – егер сатушы жеке тұлға болып табылса;
  • 230 АЕК (793 500 теңге) – лауазымды тұлғалар, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық ұйымдар субъектері үшін;
  • 310 АЕК (1 069 500 теңге) – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;
  • 1600 АЕК (5 520 000 теңге) – ірі кәсіпкерлік субъектері үшін.

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады. Жарияланатын ақпарат тұтынушылардың хабардарлығын арттыруға бағытталды және өнімдерді сатып алу кезінде сізге өз құқықтарыңызды қорғауға көмектеседі.

"МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға септігін тигізетін кеңес беру сипатына ие.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2148429-daiyndalgan-kuni-men-zharamdylyq-merzimi-korsetilmegen-tagamdar-qanshalyqty-qauipti/